• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Дарынды балалармен жұмыс

Дарынды балалармен жұмыс

Әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына кіру бойынша жұмыстың басымды бағыттарының бірі қазақстандықтардың әлеуетін ашу үшін жаңа мүмкіндіктерді құру болып табылады. 21-ғасырдағы дамыған ел – бұл белсенді, білімді және дені сау азаматтар.

Осы бағытта оқушылардың республикалық және халықаралық деңгейде интеллектуалдық және шығармашылық жарыстарда белсенділігі бойынша жұмыс жүргізіледі.  

Сонымен оқу жылының қорытындылары бойынша қала мен ауыл өңірі мектептерінің оқушылары барлық облыстық, республикалық және халықаралық конурстарға қатысты.

 Павлодар қаласының 2015 жылғы «Интеллектуалды ұлт - 2020» Мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде жалпы білім берушілік пәндер бойынша ғылыми жобалардың облыстық конкурсы өткізілді.

Биылғы жылы ғылыми жарыстарға Ақсу қаласы мен ауыл өңірінің (№1 ОМ, №2 ОМ, №8 ОМ және Қалқаман, Айнакөл, Б.Момышұлы, Жамбыл, Қабылбеков атындағы ОМ)  8 мектеп 11 жоба қатысты және барлық 11 жоба жүлделі орындар алды, оның ішінде ауыл өңірінің Жамбыл және Айнакөл орта мектептері 2 жүлделі орын алды.

Биылғы жылы «Зерде» зерттеушілік жұмыстар мен жобалардың облыстық конкурсында қала мен ауыл мектептерінің оқушылары 7 жүлделі орындарға ие болды (Қалқаман ОМ, Айнакөл ОМ, №1 ОМ).

2015 жылғы 13 қарашада Қабылбеков атындағы орта мектептің оқушылары  Әлия Назарбаеваның «Жандану» республикалық экологиялық жобасының эстафетасына және Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу бойынша Концепцияны іске асыруға екінші болып қатысты. Осы эко-мостың ерекшелігі біздің оқушылар алғашқы рет ауыл мектептері оқушыларының осы жобаға қатысуы болып табылады.

2015 жылы М.Қабылбеков атындағы орта мектебінің 8 «А» сынып оқушылары Абдуллина Сания, Қабыкен Азиза, Капанова Нұрай, Құрман Аңсарым және 9 «А» сынып оқушысы Шотабаева Арина біздің өңірімізді Алматы қаласының Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында екінші ұлттық экологиялық форумда ұсынды. Мектеп өкілдеріне «Үздік ауыл мектебі» номинациясына диплом табыс етілді, балалар алғыс хаттар алды.

№ 4 ОМ 7 сынып оқушылары Горбенко В. және Григорьев Д. «Кенгуру - лингвист» халықаралық конкурсының жеңімпаздары атанды және жолдамамен Италияға шақырылды.

Қабілетті балаларды анықтау және дамыту және оқушылардың ғылыми білімдерге қызығушылығын арттыру мақсатында мектепке жыл сайын ғылым негіздері бойынша олимпиада өткізіледі. Пәндік олимпиада оқытудың барлық сатыларында жүргізіледі.  Олимпиаданың қалалық турында 530 адам қатысты, оның 233 оқушысы ауыл өңірінен болды, бұл 44%-ды құрады, 292 оқушы мемлекеттік тілде қатысты, бұл қатысушылардың жалпы санынан 55%.

Қалалық пән олимпиадасының жеңімпаздары 292 оқушы болды, бұл 55%-ды құрайды, оның ішінде 79 оқушы ауыл өңірінен.

Бірнеше жыл қатарынан жақсы дайындықты №1 ОМ, лицей, Үштерек ОМ, №2  ОМ, №4 ОМ және №7ОМ, №8 ОМ, Жамбыл ОМ көрсетуде, бұл негізгі ғылымдар бойынша олимпиадаға дайындалуда сабақтастықтың және жүйеліліктігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Павлодар қаласының № 16 ОМ базасында 2016 жылғы 4-7 қаңтарда 15 жалпы білім берушілік пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.  

12 оқушы жүлдеген атанды, оның ішінде екі бірінші жүлделі орынды Пшембаева Сания және Қожахметов Айболат 1 жүлделі орынды алды және Қазақстан тарихы пәні бойынша грантқа ие болды.

 Петропавл қаласында 23 наурыздан 28 наурыз аралығында қоғамдық гуманитарлық пәндер бойынша Республикалық олимпиада өтті. Ақсу қаласынан № 1 ОМ 10 сынып оқушысы Пшембаева Сания, Үштерек ауылы ОМ  11 сынып оқушысы Қожахметов Айболат қатысып, 3-жүлделі орынға ие болды.

 2015 жылы қарашада Достық орта мектебінің оқушылары Мәскеу қаласында «Шекарасыз ғылым» атты оқушылар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты, 6 сынып оқушысы Селезнев Кирилл Олегович «Бәрі су туралы» жобасымен 2-орынды алды, 9 сынып оқушысы Есболат Жансауле «Менің ауылымның демографиялық жағдайы» жобасымен 1-орынды алды, Түркестан қаласында мектеп оқушылары мен студенттердің «Шекарасыз ғылым» XXV ашық халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Бір құжаттың тарихы» жобасымен Мамар Даулет  қатысқаны үшін 2-ші дәрежелі диплом алды.

 2016 жылғы 29 наурыздан 30 наурыз аралығында Түркестан қаласында республикалық пән олимпиадасы өтті, онда С. Дөнентаев атындағы ОМ 11 сынып оқушысы Қаршығаева Шынар 3-орын алды және Түркестан қаласының Ахмет Яссауи атындағы университетінің филологиялық факультетінде оқуға грант алды.   

 2016 жылғы 4 сәуірде Астана қаласында проходила I Республиканская олимпиада А.Бөкейханның І Республикалық олимпиадасы өтті, онда Жамбыл ОМ 8 сынып оқушысы Шуглаұлы Бейбарыс 200 баланың ішінен «Ең үздік эссе» номинациясын жеңіп алды.

  «Дарын» РҒТО РМКК желісі бойынша бірінші міндетті іске асыру мақсатында қала мен ауыл өңірі мектептерінің оқушылары көптеген облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысты. «Кенгуру математика» халықаралық конкурсына ауыл мен қала өңірлерінен 214 оқушы қатысты. Конкурстың қорытындылары бойынша 6 жеңімпаздардың ішінде № 4 орта мектептің оқушысы  Алматы қаласының жазғы лагеріне шақырылды.

  Ауыл мен қала өңірлері мектептерінің 104 оқушысы «Золотое Руно» халықаралық конкурсына қатысты. Конкурстың қорытындылары бойынша №2 орта мектептің оқушысы  Санкт-Петербург қаласына шақырылды.

«Дарын» РҚТО РМКК 29.03.2016 ж. 8-11 сынып оқушылары орыс мектебінде қазақ тілі және әдебиеті, қазақ тілі, математика, физика, орыс тілі, биология, химия, география және Қазақстан тарихы пәндері бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Пәндер бойынша сыртқы мектептің 1, 2, 3 турына өткен қатысушылар  шағын олимпиада өткізді, соның ішінде ауыл мектептерінен 25 оқушы қатысты, олардан 5 оқушы 3-ші орын және 1 оқушы 1-ші орын алды. 2015-2016 оқу жылында оқушылар «Жалын» пән олимпиадасы бойынша қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, тарих, география, математика, биология пәндері бойынша бірінші және екінші орындар алды. Жеңімпаздар № 1 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Пшенбаева Сания Қазақстан тарихынан 1-орын, лицейдің 9 сынып оқушысы Рабаев Минкаил биология пәні бойынша 2-орын алды, жеңімпаздар  «Жас дәурен» жазғы лагеріне шақырылды. 2015-2016 оқу жылында қала мектептерінің арасында конкурстардың нәтижелері бойынша № 4 орта мектеп белсенді қатысты.