Аксу

Басшылық

Білім бөлімінің басшысы

Смағұлов Қайрат Теміржанұлы

 8 (718-37) 67177

Өмірбаян 

Мен, Смағұлов Қайрат Теміржанұлы 1963 жылы 15 қазанда Павлодар облысы Краснокутск ауданы Ақкөл ауылында қызметкер отбасында дүниеге келдім. 1979 жылы Павлодар қаласының № 9 жалпы орта мектебінде 9- сыныпты бітіріп, Павлодар машина жасау колледжіне түстім.  1983 жылы колледжді аяқтап, Павлодар пединститутына түстім.  1988  жылы “Орта мектептегі физика және математика” мамандығы бойынша аталған институтты аяқтадым.  Еңбек жолын 1988 жылы Кенжекөл орта мектебінде физика және математика мұғалімі болып бастадым. Аталған мектепте 1995 жылға дейін жұмыс істедім. 1995-1997 жылдар аралығында Павлодар облысының Григорьевка негізгі мектебінде директор қызметін атқардым.  1997 жылы сәуір айында Ефремовка орта мектебіне директор ретінде ауыстырылып, 1999 жылдың желтоқсан айына дейін  жұмыс істедім.  “Әлеуметтік орта және салалардағы экономика және менеджмент” мамандығы бойынша  Павлодар мемлекеттік емес университетінің сырттай бөлімін аяқтадым. 2000 жылдың 10 қаңтарынан  2003 жылға дейін Павлодар облысы білім беру департаментінде сектордың меңгерушісі, бас маманы қызметтерін атқардым. 2003 жылдың ақпан айынан  2006 жылға дейін Павлодар қаласындағы машина жасау колледжінің директор лауазымын атқардым. 2006 жылдың қаңтар айынан 2007 жылдың сәуір аралығында Павлодар облысының білім беру департаментінде директордың орынбасары қызметін атқардым. 2007 жылдың сәуірінен 2010 жылдың желтоқсанына дейін Павлодар ауданының білім бөлімі басшысы қызметін атқардым. 2010 жылдың 31 желтоқсанында Павлодар ауданының әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы ретінде ауыстырылдым.  2011 жылдың 18 наурызынан бастап осы күнге дейін Ақсу қаласы білім бөлімінің  басшысы қызметін атқарудамын.. Үйленгенмін, үш балам бар.

Білім бөлімі басшысының функционалдық міндеттері

Білім бөлімі аппаратын жалпы басқаруды жүзеге асырады, қала әкімінің аппаратында, мәслихатта, облыстық  білім  басқармасында, жергілікті басқару органдарында білім бөлімі атынан өкілдік етеді.

Білім мәселесі жөніндегі Президент Жарлықтарының, Парламент, Үкімет қаулыларының,  «Білім туралы» ҚР Заңының, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңдарының, «Азаматтардың өтініштерін

қарастыру тәртібі туралы» ҚР Президенті Жарлығының, облыс, қала әкімінің, облыстық және қалалық мәслихат шешімдерінің және өкімдерінің уақытылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

Білім және ғылым Министрлігі бұйрықтарының  орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

Облыстық білім департамент алқасының бұйрықтарының, шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

Мемлекеттік білім ұйымдарының басшыларын тағайындауды, лауазымынан босатуды  жүзеге асырады;

Ақсу қаласының әкімімен немесе әкімнің орынбасарларымен келісім бойынша  жергілікті бюджеттен қаражаттандырылатын мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ұйымдарына, мектептен тыс ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына бақылауды  жүзеге асырады;

Азаматтардың шағымдарын, өтініштерін және үндеулерін уақтылы қарастыруға бақылауды  жүзеге асырады;

Білім ұйымдарын уақтылы қаражаттандыруға бақылауды  жүзеге асырады;

Бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асырады;

Білім беру мекемелерін жаңа оқу жылына дайындығын бақылауды жүзеге асырады.

 

ddfdds

Білім бөлімі басшысының орынбасары
Негманова Назира Муфтиевна
8 (718-37) 49064

Білім беру қызметін реттейтін бұйрықтардың, Үкімет Қаулыларының, Заңдылықтардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

Басты бақылау қызметі білім ұйымдарындағы білім сапасын және 2002 жылғы білім беру стандартын орындауды бақылау;

Білім бөлімі әдістемелік кабинетінің  жұмысын қадағалайды;

Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына жауапты;

Отбасын және балалық шақты қорғау бойынша құжаттарды дайындайды;

Мемлекеттік аттестаттауды және лицензиялық бақылауды өткізеді;

Оқушылар олимпиадасының қалалық турын ұйымдастырады;

Оқыту бойынша жоспарларды және бағдарламаларды әзірлеуге жетекшілік етеді;

Білім бөлімінің жұмысын жоспарлайды және талдайды;

Білім ұйымдарының басшыларымен мәжіліске, ББ Кеңесіне, тамыз айындағы іс-шараларға материалдар дайындайды;

7 комиссияның төрағасы болып табылады:
- әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жөніндегі (КМҚК);
- еңбек өтілін белгілеу жөніндегі;
- білім ұйымдарындағы педагогика қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі;
- мектеп бітірушілерді мемлекеттік аттестаттау және оқушыларды ауыстыру жөніндегі;
- білім ұйымдарын лицензиялық бақылау жөніндегі;
- білім ұйымдарын аттестаттау жөніндегі;

- пед.қызметкерлерді марапаттау бойынша материалдарды қарастыру жөніндегі

 

 

Азаматтарды қабылдау кестесі:
Білім бөлімі:
Сәрсенбі, 14-30 -дан 17-00 -ге дейін
Жұма, 9-00 -ден 12 00 -ге дейін
Білім бөлімінің басшысы:
Сейсенбі, 14-30 -дан 17-00 -ге дейін
Бейсенбі, 9-00 -ден 12-00 -ге дейін
Обновлено 16.09.2014 02:38