Мектепке жол!

13.08.18

Әр бала алты жасқа толғаннан кейін, егер оған медициналық қарсы көрсетілімдері болмаса мектепте білім алуы қажет. Алайда, 1 қыркүйекте оларда қажетті мектеп құралдары мектеп формасы, дәптерлер, қарындаштарды және т.б. сатып алуға қаражаттың жоқтығына байланысты балалардың барлығы бара алмайды.

Ағымдағы жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалпы республикалық «Мектепке жол!» жыл сайынғы акциясы өткізіледі.

Акцияның мақсаты аз қамтылған, көпбалалы, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан оқып жатқан балаларға жаңа оқу жылына даярлық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауын ескерту болып табылады.

Өткен жылы акциямен Ақсу өңіріндегі әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 1364 бала қамтылған, көрсетілген көмектің сомасы 18 189 000 теңгені құрады. Бүгінгі күні қолдауға мұқтаж, соның ішінде ауылдық елді мекендердегі 1105 баланың деректер базасы қалыптастырылған.

Құрметті Ақсу қаласы және ауылдық өңірлердің тұрғындары Сіздерді «Мектепке жол!» акциясының қатысушысы болуға шақырамыз. Балаларға ықыласыңыз бен қамқорлығыңызды сыйлаңыз!

Акцияны өткізу туралы қосымша ақпаратты Сіз қалалық білім бөлімінен біле аласыз 8 (71837)51035.

 

Ақсу қаласының білім бөлімі