• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Жас ұстаздардың қызықты пікірталасы

16.05.18

28 сәуір күні Балалар шығармашылық үйінде Ақсу кәсіподақ ұйымыныңАқсу қаласындағы білім қызметкерлері арасында «Жастардың қоғамдық өмірге араласуы» атты қалалық пікірталас өткізілді.

Ақсу қаласының №1 орта мектебінің «Серпін» тобы – даттаушы, және №2 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жалын» тобы–жақтаушы, жас оқытушылар командасы бақ сынасты.

5 адамнан тұратын, оның ішінде команда капитаны, 3 спикер,хатшы (уақыт ұстаушы, талдаушы) қатысты.

Командалардың қатысушылары - 18 жастан 35 жасқа дейінгі жас мұғалімдер аралығында болды.

Пікірталастың мақсаты:

1.Жастарды қоғамдық өмірге белсене араласуға шақыру

2.Жас мамандардың арасында кәсіподаққа мүше болуының, жағымды жағын қалыптастыру;

  1. Кәсіподақ ұйымының белсенді жұмысына қатысуына жас мамандардың санын арттыру;
  2. Кәсіподақ ұйымының жас мамандар арасында шығармашылық және көшбасшылық қасиеттерді дамыту.

Пікірсайыс – әрбір команда мүшесінің өз міндеттері мен жауапкершілігі бар командалық ойын. Бірінші болып растайтын команда сөйледі. Уақыт аяқталғанда – ұстаушы спикерді тоқтатты. Жақтаушы тобынан кейін даттаушы топ өз мәселелерін талқыға салды. Командалар бір – біріне сұрақтар беру арқылы шабуыл жасады.

Пікірталас 3 кезеңнен тұрды

  1. « Үй тапсырмасы»- әр топ өз тобын, топтың атын, логотипін, ұранын креативті түрде таныстырып, бірдей киім үлгісімен келді.

2.« Кейс» бұл кезеңде топ спикерлері дайындап әкелген тезистері мен дәлелдемелерін келтіре отырып өз көзқарастарын дәлелдеді. Әр спикер бөлінген уақытқа бағынып, өз мәліметтерін толықтай жеткізді. Жинаған ақпаратында дәлел ретін газет, қысқа тұжырымды тезиспен,бейнебаян, презентациялармен көрсете кетті.

  1. 3. Қорытынды: 2 жақ топтың 3нші спикерлері пікірталастың қалай өткенін елестете отырып, жеңістің неліктен өз жақтарында екенін нақтылап айта өтіп қорытындылады.

Командалар пікірталасқа қызу жүргізгеннен ақ мықты дайындықпен келгендерін сезуге болды. Екі жақта осал еместігі бірден көрініп тұрды. Сұрақ қою және жауаптардың толығын қадағалап отырған әділқазыалқалары назарынан тыс қалмады.

Әділқазы алқалары:

1.Назигүл Шаймарданова -Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектбінің психологы;

2.Бахытгүл Муканова - Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебінің математика мұғалімі;

3.Інкар Идрисова - Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебінің тарих пәні мұғалімі.

Уақыт зымырып өтіп жатты. Жақтаушы жақ «Нұр Отан», «Болашақ бағдарламасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел»,«Серпін-2050», Еріктілер мәселелрі жайлы сөз қозғады.Екі жақ топтың жанкүйерлері де өз командаларын қолдап жігерлендіріп отырды. Әр қатысушыға жанкүйерлер шабыт беріп, күш берді десем артық болмас.Қорытындылай келе, жақтаушы «Жалын тобы» қоғамдық өмір адамға жан-жақтылыққа, өмірлік тәжірибе жинауға, пікір алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге, болашаққа көзқарастың қалыптасуына, еңбекке баулуға, адамдармен танысуға мүмкіндік беретінін айтып, қоғамдық өмірге араласу керек екендігін дәлелдеп шығып, жеңіске жетті. Әр қатысушыға «Танымал ойыншы»,»Сенімді ойыншы», «Үздік көшбасшы», «Үздік капитан» «Үздік тайм-кипер» номинациясымен марапатталды. Жеңіс кубогын №2 жалпы орта білім беру мектебі қанжығасына байлады.

Осы қызықты сайыстың өткізілуін ұйымдастырған Ақсу қаласы білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Рүстем Жауаш Күткенқызы

пікірталастың қызықты өткенін айтып, залда отырған жастарды қоғамдық өмірге араласуын шақырып, командаларды құттықтады.

 Әмина Алдамұратова

Ақсу қаласы

№2 жалпы орта білім беру мектебінің

Музыка пәні мұғалімі

Ақсу қаласы жастар кеңесінің мүшесі