• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Алаш және Тәуелсіздік сабақтастығы» атты дөңгелек үстел

28.11.17

         Биыл Алаш қозғалысының ғасырлық тойы – Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Мемлекетіміз үшін айырықша мәнге ие ерекше мерекені атап өтілуде. Алаш қозғалысы идеяларын елдің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан конференциялар, симпозиумдар мен дөңгелек үстелдерде насихаттауда.

         24 қараша күні Ақсу қаласының Ақсу кентінде , Қ.Шүлембаев атындағы орта мектепте, «Жас Алаш» ғылыми мектебінің жұмысы барысында «Рухани Жанғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Алаш және Тәуелсіздік сабақтастығы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның ұйымдастырушылары  Қ. Шүлембаев атындағы мектебінің тарих пәнінің мұғалімдері болды.

Жұмабаева Мадина Серікқызы және Шәріпов Әнуар Тасболатұлы

        «Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын сарп еткен асыл азаматтардың тарихын қайта парақтап, шынайы түрде «ақтаңдақтарының» бетін ашып заман талабына сай зерделеудің маңызы зор. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты – Алаш арыстарының рухын жас ұрпаққа сіңдіру, еліміздің болашағы болып табылатын жастарға Алаш идеясын ұстанған ұлттық-демократиялық зиялылардың саяси қызметі мен ұлттық партия құру идеяларын дәріптеу және осы идеяларды бойларына сіңіре отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

          Дөнгелек үстелдің құрметті қонақтары;

         С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік  Университетінің тарих ғылымдарның кандидаты қауымдастырылған профессор доцент Айткенов Зият Шайманұлы. 

         С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік  Университетінің тарих және мәдениет институтының директоры тарих ғылымдарның кандидаты профессор Батталов Кайрат Канатұлы.

         С. Торайғыров аттындағы ПМУ ассамблеи «Бірлік» жастар мүшесі         Смаилов Рамиль Русланұлы                                           

         Ақсу қаласының  білім бөлімінің әдістемелік бөлімінің  меңгерушісі Айдарова Мағрипа  Оралқызы

         Қазақстан журналистер одағының мүшесі Қондыкерова Светлана Қабидоллақызы.

         Ақсу қаласы білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы. Рүстем Жауаш Күткенқызы

         Ақсу қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Арынов Залмұхан  Арынұлы. Қала мектептерінің  жас мамандары.

         

         Дөңгелек үстелде келесі тақырыптар талқыланды.

-         Алаш қозағылысының құрылу тарихымен қатар, Алаш қайраткерлерінің атқарған істері мен қызметі, тарихи тағдыры, Қазақ елінің дамуына қосқан үлестері сөз болды

-         Алаш идеясындағы «Мәңгілік ел» құндылықтары.

-         Алашорда - XX ғасырдағы қазақтардың алғашқы ұлттық мемлекеті.

-         Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрес тарихында Алаш қозғалысының тарихи рөлі.

-         Алашордалықтардың тарихи қызметіндегі ерекшеліктері.

-         Алашордалықтардың қазіргі заманғы саяси бағалауын және олардың көрнекті тұлғаларының тағдырын зерттеу проблемаларын.

Отанға деген сүйіспеншілік, Тәуелсіздіктің негізгі қағидасы болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында тарих ғылымдарының профессорлары Айткенов Зият Шайманұлы және Батталов Қайрат Қанатұлы «Алаш» партиясының қазақ халқының тарихында маңыздылығы мен рөлін түсіндірді. «Рухани Жанғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуына түрлі ұсыныстар берілді және Ақсу ауданында жүзеге асырылуына мүмкін түрлі жобалар ұсынылды. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Студенттік Ассамблеясының төрағасы Смайылов Рамиль Русланұлы Алашордалықтардың этносаралық және конфессияаралық қатынастар бойынша әртүрлі көзқарастарын түсіндірді.

Дөңгелек үстелдің қонақтарына Қ. Шүлембаева тарихының ұстаздары Жұмабаева Мадина Серікқызы және Шәріпов Әнуар  Тасболатұлы жетекшілік  еткен «Жас алаш» ғылыми мектебінің жұмысын қолдады және мақұлдады.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында қонақтарға әртүрлі сұрақтар қойылып, оларға жауаптар берілді. Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін қонақтар Қ.Шүлембаев атындағы мектеп мұражайына дөнгелек үстел жайлы  пікірлер қалдырды.

 

 

     Қ.Шүлембаев

атындағы орта мектептің

тарих пәні мұғалімдері

Жұмабаева Мадина Серікқызы

және Шәріпов Әнуар Тасболатұлы