• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Жаңғырту және кәсіподақ қозғалысының инновациялық дамуы

05.01.18

21 ғасырда кәсіподақ қозғалысының идеологиясы болып табылатын не? Кәсіподақты жаңғырту қалай өту керек? Осы және басқа да сұрақтарға Ақсу қаласы № 8 орта мектебінің базалық бастапқы кәсіподақ ұйымында өткен семинарда кәсіподақ көшбасшылары жауап берді.

Ең бастысы, жаңғырту – ол бір кезде ұйымды реформалауға көмек көрсететін қысқа мерзімді процесс емесін барлығы түсінді. Жұмысты жаңарту үнемі өткізіліп, қоғамның динамикалық дамуына сәйкес келу керек. Бүгінгі таңда осы өмірмен бірге жүретін кәсіподақ жұмысын жаңарту туралы айтуға уақыт жетті. Қызметкерлерді кәсіподаққа қосылу үшін негіздейтін жаңа тиімді көзқарастарды және оның жұмысына белсенді қатысуын әзірлеу қажет. Тек бастапқы ұйымның және жоғары кәсіподақ органның нығайтылған жұмысынан көзқарас, ал әрі қарай бізбен бірге болу немесе болмау ықыласы қалыптасады.

Кәсіподақтың күші бірлікте. Ал онымен кәсіподақтың имиджі туралы ұғым да өзекті болып табылады. Имидж келесі құрамдардан тұрады деп санаймын: кәсіподақ активінің құрылымы, қызмет формалары, насихаттау және түсіндіру жұмысын жүргізу, кәсіподақ көшбасшысының қасиеті, оның жұмысшылардың құқықтарын қорғауді білу, жаңа ақпараттық технологиялар енгізу, әр қызметкердің жұмыс жағдайларын жақсарту үшін жаңа жобаларды іске асыру және қауіпсіздігі.

Семинар интерактивті формада өтті. Қатысушылар ми шабылуы әдісімен топтарға бөлініп, мына мәселелер бойынша ұсыныстар әзірледі:

  1. Білім беру ұйымдарында сайланған кәсіподақ орган жұмысынының көбірек ашық болуын қамтамсыз ету.
  2. Қызметкерлердің кәсіподақ жұмысы туралы барынша жедел және жан-жақты ақпараттандыруын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологиялар енгізу.
  3. Жас педагогтар кеңесін кәсіподақ мүшелікке мотивациялау жөнінде жұмысты күшейту бойынша жұмысқа жұмылдыру.
  4. Кәсіподақты жаңғырту және ақпараттық-басылымдық қызметті дамыту.
  5. Кәсіподақ қызметкерлерінің біліктілігін және функционалдық сауаттылығын арттыру.

Топтар тапсырмаларды шығармашылықпен және креативті орындауға назар аударды. Пікірталастардың нәтижесі бойынша кәсіподақта мүшелікті ақпараттандыру және көтермелеу жөнінде бірқатар заманауи идеялар әзірледі. Нақты айтқанда осындай, мектепшілік және өңірлік кәсіподақ сайттар, кәсіподақ комитеттері мен төрағалар кеңесінің чаттарын құру, кәсіподақ стендтерін жаңарту және дайындау бойынша ұсыныстар, ең үздік тәжірибені тарату, әдістемелік материалдарды шығару, жас педагогтар кеңестерінің, ардагерлер кеңестерінің жұмысын ұйымдастыру. Кәсіподақтардың жұмысын жетілдіру және жаңарту бойынша басқа да көп қызықты ұсыныстар айтылды. 

Семинардың соңында Ақсу қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.К. Рүстем рефлексия өткізіп, жұмыс үшін әдістемелік материалдар таратты.

Семинар қатысушылары білім беру ұйымдарында кәсіподақ қозғалысын жаңғырту жөніндегі қаралған мәселелердің және әзірленген шаралардың маңыздылығы мен өзектілігін атап айтты.