• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Жастар кенесінің отырысы

12.12.17

Ақсу қаласы жастар кеңесі мүшелері арасында 2 желтоқсан күні 8 мектепте бейресми кездесуі өтті. Жиынға қала және ауыл жастары, жас мамандар жиналды. Негізгі тақырып жобаны басқарудағы жас мұғалімдер арасында семинар-тренинг өткізіп, жастардың бойындағы патриоттық сезімін оятып, болашаққа нық қадам басуға жол ашу. Отырысты Тлеужан Құмар  өзінің жобаны басқарудағы және рухани жаңғыру мәселелерін қамтыған презентациясын ұсынып, тақырыпты аша түсті.

Жақында ғана Атырау қаласына барып, «Мемлекеттік рәміздер егемендігіміздің берік негізі» атты V республикалық жастар форумы аясында  өткізілген үздік өлеңдер шығарма байқауындабас жүлде иегері Ақтасов Алмасты және ынталандыру сыйлығымен марапатталған  Мақсатхан Алтынбекті құттықтап, әрі қарай биік шыңнан көрінуіне тілек білдірілді.

Жиында рухани жаңғыру бағдарламасына  кең түсінік беріліп, жастарды қолдау мақсатында түрлі іс-шаралар, өзекті мәселелер талқыланды. Жастар бір-бірімен жақын танысып, тығыз байланысып, өз ойларымен бөлісті. Алдағы уақытта да осындай жиындардың жиі болуына ұсыныстарын білдіріп, жақсы әсер алғандарын көрсетті.

 Осы жиынның өткізілуін ұйымдастырған Ақсу қаласы білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Рүстем Жауаш Күткенқызы және жастар кеңесінің төрағасы Фархат Мухарамұлы жастардың пікірлерін тыңдап, болашақта қолдау көрсететінін айтып, сөз соңын қорытындылады.

 

Пікірлер:

Диана: Бүгінгі отырыстан керемет әсермен қайттым. Жастар өзара ойларымен еркін бөлісті. Көздері жанып алға деген ұмтылыстары көрінді. Жауаш Күткенқызының қолдауымен әрі нұсқауымен, кеңес басшысы Фархат Мухарамұлымен талай-талай ауқымды жұмыс жүргізіледі деп ойлаймыз.

Меруерт: Бүгінгі кездесу өте қатты ұнады. Себебеі, бейресми түрде ұйымдастырылды. Ақсу қаласының білім беру саласында, басты мәселелер тізімделіп, олардың шешу жолдары қарастырылды. Бұндай кездесулер бір-бірімізді жақын араластырып, тың идеялардың тууына септігін тигізді. Мен жастар кеңесі мүшесі болғаныма мақтанамын!

 

 

Автор: Әмина Алдамұратова

Ақсу қаласы

№2 жалпы орта білім беру мектебінің

Музыка пәні мұғалімі

Ақсу қаласы жастар кеңесінің мүшесі