• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

АҚСУ АУДАНЫНЫҢ ЖАС МҰҒАЛІМДЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЫР ДОДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

12.12.17

2017 жылы қараша айның 22- ші, 23-ші күндері Атырау қаласында білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ бірлестігінің ұйымдастыруымен V республикалық жастар форумы аясында өткен үздік өлеңдер шығарма байқауында Ақсу қаласы Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пендерінің мұғалімі Ақтасов Алмас Гран при  бас жүлдені еншілесе, Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Мақсатхан Алтынбек арнайы жүлдені қанжығасына байлады. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілген іс-шараға аймағымыздың делегаттарын Қазақстан жастар кеңесінің төрәғасының орынбасары Иманбаев Ернар Серікқалиұлы мен Ақсу қаласының білім қызметкерлері арасындағы жастар кеңесінің төрағасы Енсебаев Фархат Мұхарамұлы бастап барды.

Форум барысында қонақтарға Атырау өңіріне саяхат жасатып, көптеген мерекелік концерттер, пайдалы тренигтер ұйымдастырылды. Осындай ісшараны ұйымдастыруға ұйытқы болған білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ бірлестігіне және Ақсу қалалық білім беру саласының кәсіподағының төрағасы Рүстем Жауаш Күткенқызына жастар кеңесінің мүшелерінің атынан ризашылығымызды білдіреміз. Алда да мұндай бастамалар өз жалғасын тауып, жас мамандарымыз биік-биік белестерді бағындырады деген ойдамыз.

Ақсу қаласының білім

қызметкерлері жастар кеңесінің мүшелері!