• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Білім қызметкерлері арасында кезекті шаңғы жарысы өтті

15.02.18

Аяз және күн сәулесі: керемет күн!

Қыс кейінгі уақытта көп тосынсыйлар әкеледі. Осы жыл мезгілінің ауа райы палитрасы әжептәуір кеңейді: классикалық, қарлы, аязды қыс ережесі болғаннан көрі айрықшалық түрінде болды. Осыған қарамастан, жыл сайын нағыз қыс күні деп айтатын бірнеше күндер шығады.

Міне, осындай күні білім қызметкерлері арасында кезекті шаңғы жарысы өтті. Таңертеңнен бастап Ертіс жағалауында орналасқан шаңғы базасына жүрушілер кете берді. Барлығы толқып, басталу уақытын күтті.

 Бірінші болып 2,5 км қашықтыққа әйелдер шықты.

 Жарыста тек дене шынықтыру мұғалімдері ғана емес, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен Балалар шығармашылық үйінің педагогтары қатысты.         

Финишқа бірінші болып Үштерек ауылы орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Койчиева Құндыз, екінші - Қ. Камзин атындағы ОМ мұғалімі  Ибрайханова Жанар және үшінші  - № 7 ОМ мұғалімі Смирнова Юлия келді. Олардың барлығы спорт жағынан жақсы дамыған.

Ерлер арасында жоғары позицияны Спутник станциясы негізгі мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Жукабаев Жантемир алды, бірнеше мәрте қалалық, сонымен қатар облыстық және республикалық спартакиадалардың жеңімпазы. Екінші және үшінші орынды жыл сайын Сарышығанақ ауылының ОМ мұғалімдері Махаев Талғат пен Хусаинов Рафик иеленеді.

Командалар арасында бірінші орынды Сарышығанақ ауылының ОМ, екінші орынды Спутник станциясының негізгі мектебі және үшінші орынды Үштерек ауылының орта мектебі алды.

Білім бөлімі мен қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы барлық жеңімпаздарды құттықтайды және барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейді.