2020 жылы 4 наурызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақсу қаласында «Күмбірле сазды домбыра» конкурсы өтті.

2020 жылы 4 наурызда «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын аясында Ақсу қаласында «Күмбірле сазды домбыра» конкурсы  өтті.
         Конкурс оқушыларға патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау, домбыра ойындарын насихаттау мақсатында өткізілді.Оған 9 мектептің жас домбырашылары қатысты.Барлық қатысушылар өз шеберліктерін көрсете отырып, жақсы орындауларын көрсетті.Бұл конкурс   Ақсу өңірінің мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға серпін береді.

Шығармашылық конкурстың қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындарға ие болды:

1 орын –Марат Айзере М.Кабылбеков атындағы  орта мектебінің оқушысы және Қ.Шүлембаев атындағы  орта мектебінің домбыра ансамблі.

2 орын– Марат Әділет Береке ауылы орта мектебінің оқушысы және Қ.Қамзин атындағы  орта мектебінің домбыра ансамблі.

3 орын – Батима Бейбіт Қалқаман ауылы орта мектебінің оқушысы және Жамбыл орта мектебінің домбыра ансамблі.

         Белсенді қатысқаны үшін - №2 ОМ, Еңбек ОМ, №7 ОМ қатысушылары марапатталды. 

Барлық қатысушылар Ақсу қаласы білім бөлімінің мадақтамаларымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Балаларға қолдау көрсеткен демеушілерге алғысымызды білдіреміз және домбыраны сыйлықтар ретінде сатып алуға қайырымдылық көмек көрсетілді: «Ақсу қаласының жылыжай кешені» басшысы Сағандық Дәулет Аблхасанұлы; Ақсу қаласының жеке кәсіпкерлері- «Васалип»Андрей Александрович Бучменюк "; Ирина Евгеньевна Лоренц; Ю. Гагарин атындағы орта мектептің жеке кәсіпкерлері - БайманкуловаГүлбахда Каирқызыжәне Үштерек ауылының орта мектебінің жеке кәсіпкерлері- СерікбаеваБахтыгұл Кұрметқызы.

05-03-2020