• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

2019 жылғы 1 сәуірде Ю. Гагарин атындағы орта мектеп базасында «Шеберлер қаласы» фестивалінің төртінші кезеңі өтті.

2019 жылғы 1 сәуірде Ю. Гагарин атындағы орта мектеп базасында «Шеберлер қаласы» фестивалінің қорытынды кезеңі өтті. Байқауға  С. Дөнентаев атындағы, Жамбыл, Үштерек ауылы, Сольветка ауылы, Ю. Гагарин атындағы, Еңбек ЖОМ қатысты.

Қорытынды шығару кезінде жүлделі орындар мен номинациялар төмендегідей бөлінді:

Вокалдық жанр – 1-орын Үштерек орта мектебінің квартеті («Шақырады көктем» әні); 2-орын – Манарбекұлы Тоқтамыс (оның орындауында «Ақсиса» халық әні шырқалды) Еңбек орта мектебінің 6-сынып оқушысы және С. Дөнентаев атындағы орта мектебінің оқушысы Бүркітова Дильназ («Туған жер» әнімен); 3-орын Еңбек орта мектебінің 5-сынып оқушысы Даулеткызы Әйгерім («Подари улыбку миру!» әні).

Хореографиялық жанр2-орынды «Тұмар» тобы, қазақ биі (Жамбыл ЖОМ) және «Кристалл» тобы «Форевер ионг» заманауи биі (С. Дөнентаев атындағы ЖОМ) өзара бөлісті.

Аспаптық жанр1-орын соло гитарада Наси Арлан «Айдаһар әуені» (С. Дөнентаев атындағы ЖОМ); 2-орын- домбыра оркестрі иеленді, «Ат келді» күйі, жетекшісі Бағдаулет Бақыт (Үштерек ЖОМ) .

Декоративті – қолданбалы шығармашылық көрмесі – жұмыстың молшылығымен, олардың әсемдігімен, ерекшелігімен, халық дәстүрлерін пайдаланумен және әр түрлі орындау техникасымен қуантты. Үйірменің барлық жетекшілері әр түрлі номинацияларда марапатталды:

-          «Көркем шеберлік пен креативтілік» -  Бабашева С. Н. С. Дөнентаев атындағы ЖОМ «Шебер қолдар» үйірмесі;

-         «Шығармашылық қиял» - Еңбек орта мектебі Уайханова А.О. «Шебер қолдар» үйірмесінің және Жупашева В.В. «Умелые руки»  үйірмесінің  жетекшісі;

-      «Орындаудағы түпнұсқалық» - Ю. Гагарин атындағы орта мектебі Махмед Б., «Сәнді қолданбалы өнер» үйірмесінің және Захарова Л.В.  «Рукодельница» үйірмесінің жетекшісі;

-         «Әсемдік пен шеберлік» - Үштерек ауылы ЖОМ Бұлғанбай Бақытгүл «Алтын оймақ» үйірмесінің және Хавлхан Бәйкен «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі;

-         «Ұлттық бояу» - Жамбыл ЖОМ Қаманайұлы Жиенхан «Зергер» үйірмесінің және Жунусова Г.К. «Қол өнер» үйірмесінің жетекшісі;

-         «Креативтілік және көркем шеберлік» - Сольветка ауылы НМ мұғалімдері Миемеш Нурымхан және Шошай Айгуль.

         «Асық ату» - 1-орын Үштерек ауылы ЖОМ; 2-орын - Жамбыл ЖОМ; 3-орын - Ю. Гагарин атындағы орта мектебі.

         Жарысқа қатысқаны үшін Еңбек орта мектебі және С. Дөнентаев атындағы мектеп командалары грамоталармен марапатталды.  Барлық балалар мен педагогтарға грамоталар мен ынталандыру сыйлықтары берілді. Төртінші кезеңнің үздік қатысушылары 8 сәуірде Балалар шығармашылық үйінде өтетін қалалық гала – концертте өз шығармашылығын көрсетеді.

03-04-2019