• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

1-маусым балаларды қорғау күні

Балалар жаздың басталуын асыға күтеді. Бұл тек қана күннің жылынуы және тамаша демалуға мүмкіндік емес, бұл нағыз мереке, өйткені көптен күткен каникул басталады.

         Халықаралық балаларды қорғау күні бізге әр бала көңілді және бақытты балалық шаққа лайық екенін тағы да еске салады!

         Ақсу қаласының білім бөлімі қалалық алаңда ұмытылмас іс-шара ұйымдастырды, онда қуаныш пен шаттықтың атмосферасы сезіліп тұрды.

         Іс-шараның салтанатты бөліміне қала әкімі Б. Ж. Ыбыраев қатысып, барлық тұрғындарды мерекемен құттықтады. Ол оқуда, өнерде және спортта жетістіктерге жеткен оқушыларға грамоталар табыс етті.  Іс-шара қалалық мектептердің 700-ден астам оқушысы қатысқан балалар және музыкалық ансамбльдердің шеруінен басталды, онда №1, 2, 4, 7, 8 қалалық мектептері, Балалар шығармашылық үйі, Балалар өнер мектебі және балалар экологиялық орталығының оқушылары қатысты.

Содан кейін «Сәлем жаз» балалар шығармашылық үйінің және «Мелодии лета» Балалар өнер мектебінің шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы өтті.

Қалалық мәдениет саябағында қала мектептерінің педагогтары дайындаған әртүрлі ойын және спорт алаңдары ұйымдастырылды, оған 600-ден астам бала қатысты.

Бұл күні әртүрлі жастағы оқушылар үшін Ақсу өңірі мектептерінің мектеп жанындағы және бейіндік лагерлері есігін айқара ашты.

04-06-2019