1 қыркүйек Білім күні

Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру мақсатында 1-қыркүйек Білім күніне орай «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға Ақсу қаласының әкімі Ибраев Балғабай Жұмағұлұлы мен әкім орынбасарлары, мемлекеттік ұйымдардың басшылары, ардагер ұстаздар, ата-аналар, мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты.

«Менің туым» жобасын іске асыру мақсатында салтанатты жиында мектеп алаңындағы ту мінберіне мемлекеттік ту көтерілді.Туды көтеру құрметі Алтын белгіге үміткер, мектеп мақтаныштары Мошхалов Жанғали мен Айбын республикалық әскери жарысының жүлдегері Бүркітбаева Гүлжанға  беріледі.

         Салтанатты жиыннан соң Балғабай Жұмағұлұлы мен келген қонақтар мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, 11- сыныптар ұйымдастырған ашық саббаққа қатысты. Сұрақтар қойылып, еркін пікір алмасу болды.

Өз елінің патриоты болу – кез келген адам үшін әрқашан үлкен құрмет. Патриот болып туылмайды, патриот болып қалыптасады,  сондықтан да жиыннан соң әр сыныпта «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты  азаматтық және патриоттық сабақтар өткізілді.

Жалпы республикалық бірыңғай «Адалдық сағатын» мектеп директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Шалабаева Аршагүл Алжаханқызы өткізді

04-09-2019