• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

10 қарашада «Балалар эко-техноорталығында» «Құстарды қыста тамақтандырыңыз» акциясы өтті.

10 қарашада «Балалар эко-техноорталығында» «Құстарды қыста тамақтандырыңыз» акциясы өтті. Акцияға орталықтың барлық бірлестіктерінің балалары – «Экоәлем» бірлестігі, жетекшісі А.Е. Жанжігітова, «Радуга талантов» бірлестігі, жетекшісі И.П. Бережнова, «Гринландия» бірлестігі, жетекшісі А.К. Билялова, «Жас тілшілер» бірлестігі, жетекшісі Н. Дойтен, «Беби-клаб» бірлестігі, жетекшісі А.Н. Какенова, «Зооалем» бірлестігі, жетекшісі                      М. Мурат, «Жасыл әлем» бірлестігі, жетекшісі Г. Кенжебай, «Жібек жолы» бірлестігі, жетекшісі Б. К. Елимесова, «Жасыл планета» бірлестігі, жетекшісі Каширихина И.В., «Вернисаж идей» жетекшісі И.В. Гусева. Балалардың жалпы қамтылуы 90 бала.

         Біз акцияны қанатты достарымызға арнадық, балаларға қыста қыстайтын құстарға қалай көмектесуге болатынын көрсетіп, айтып бердік. Қыста құстар аш болатындықтан, ән айту жайына қалады. Олардың көбі көктемге жетпей өледі. Боран мен қатты аяз кезінде көптеген құстар, әсіресе, қыстың соңында, барлық азықты жеген кезде аштықтан өледі.

         Құстар қыс бойы бізбен бірге өткізеді, бізді өзінің сұлулығымен және ерекше дыбыстарымен қуантуға тырысады. Бірақ өздеріне өте қиын. Біз оларға көмектесуіміз керек.

         Құстар өліп қалмауы үшін астаулар іліп, оған жем салып қою керек. Әрине, дайын астауларды сатып алуға болады, бірақ оны өзіміз жасасақ әлдеқайда қызығырақ болады.

Астауды ағаш бұтағына іліп қоюға немесе үй қабырғасына бекітуге болады. Ең бастысы, жел тимейтін, мысықтар жете алмайтын орынды таңдау. Балалар ата-аналарымен және педагогтармен бірге құстарға арналған қызықты және тамаша үйшіктер дайындады.

         Балалар үшін жыл құстары және қыстайтын құстар туралы викторина өткізілді. Балалар қанаттыларды қалай дұрыс тамақтандыру керектігін үйренді. Іс-шарада құстар туралы өлеңдер оқылды, Павлодар облысының құстары туралы фильм көрсетілді. Іс-шара барысында құстардың дауысы естіліп тұрды. Акциямыздың соңында барлық қатысушылар өз астауларын біздің бақшаға, сондай-ақ өз үйлерінің жанында да іліп қойды. Осы күннен бастап балалар құстарды тамақтандыра бастады және оны қысқы маусымның соңына дейін жалғастырады. Астық, тұқым, нан үгінділерін, жаңғақтарды үнемі салып отыратын болады, әйтпесе, бірнеше рет бос астауға келген құстар басқа жерге ұшып кетеді. Қысқы асхана көктемде дейін алғашқы көк шыққанға дейін жұмыс істейтін болады.

Бұл шара өлкеміздің қыстайтын құстары туралы балалардың түсініктерін кеңейту үшін, балалардың қысқы қиын уақытта құстарға көмек көрсетулері үшін өткізілді. Енді біздің акцияға қатысушылардың әрқайсысы қыстайтын құстарға қатал қысты бастан өткеруге көмектесетініне сенімдіміз.

18-11-2018