• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

100 жаңа оқулық

Қоғамдық сананы жаңғырту аясында жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде «100 жаңа оқулық» жобасына ерекше рөл беріледі. Мәдени, шығармашылық, ынталы оқушыны тәрбиелеу бүгінгі таңда педагогтың басты міндеттері болып табылады. Қойылған міндеттерді орындау үшін осы заманғы ұстазға жоғары талаптар ұсынылады: өздерінің кәсіби және интеллектуалды деңгейін үнемі жетілдіру.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 15 қарашада Ақсу қаласының білім бөлімімен № 2 жалпы орта білім беру мектебінің базасында «Жүз жаңа оқулық. Жаңа гуманитарлық білім» атты жоба бойынша семинар ұйымдастырылып, өткізілді.
Семинардың мақсаты – ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған жаңа оқулықтармен таныстыру. Бұл кітаптар: «Қазіргі психология тарихы», «Әлеуметтік психология», «Философияның таңдаулы 25 кітабы» және т.б.
Осы кітаптардың мазмұны туралы өз презентацияларында Павлодар қаласының жоғары оқу орындарынан шақырылған профессорлар айтып берді: Наталья БорисовнаРудица, ИНЕУпрофессоры және Салтанат СоветовнаАубакирова, Phd доктор, С. Торайғыроватындағы ПМУ профессоры.
Семинарға Ақсу қаласы мен ауылдық өңірі мектептерінің әкімшілік мүшелері, мектеп психологтары, тарих, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің пән мұғалімдері, Ақсу қаласы білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.


Ақсу қаласы білім бөлімінің әдіскері Б. Қонақбаева

15-11-2018