2019 жылдың 12 қарашасында Балалар шығармашылығы үйінде «Сарыарқа самалы» газеті Ақсу қалалық білім бөлімімен бірлесіп ұйымдастырған «Айналайын» облыстық фестивалі өтті.

2019 жылдың 12 қарашасында Балалар шығармашылығы үйінде «Сарыарқа самалы» газеті Ақсу қалалық білім бөлімімен бірлесіп ұйымдастырған «Айналайын» облыстық фестивалі өтті. Фестиваль «Сарыарқа самалы» газетінің 90 жылдығына және Сәбит Дөнентаевтың 125 жылдығына арналды.

Фойеде ақын Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.

Салтанатты іс-шараға Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Балтабай Маданиұлы Қаппасов, «Сарыарқа самалы» газетінің бас редакторының орынбасары Аяғанов Мұрат Қапанұлы, әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы, «Айналайын» қосымшасының жүргізушісі Нұржайна Шодыр, педагогикалық қоғам және оқушылар қатысты.

Іс-шара барысында Мұрат Қапанұлы Ақсу қаласы Үштерек орта мектебінің директоры Ғалия Ноғайшықызы Әмірханова мен Балалар шығармашылық үйінің директоры Сәуле Қалыбекқызы Әділбаева және Ақсу қаласының тұрғыны,  педагогика еңбегінің ардагері Рысты Қаратайқызы Сүйінова; Үштерек орта мектебінің оқушылар Байболат Дәулетбайұлы, Әйгерім Серікбол; Суаткөл бастауыш мектебінің оқушылар Иса Байзақұлы, Ерғали Мақсұт; Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған гимназия оқушысы Әділет Абылай; Донентаев орта мектебінің оқушысы Ерасыл Баймухаметов,"Айналайын" айдарындағы белсенді жарияланымдары мен  оқушыларының шығармашылық қабілеттері үшін алғыс хаттармен марапаттады.

Фестиваль балалар шығармашылығы үйі мен балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері дайындаған музыкалық нөмірлермен сүйемелденді.

14-11-2019