№2 жалпы орта білім беру мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар аралығында өткен «Кітап оқы, рухани бай бол!» мәнерлеп оқу сайысы қорытындыланды

«Кітап оқып, рухани бай бол!» - республика көлемінде өткізіліп жатқан ауқымды жобалардың бірі. Осы жоба негізінде  №2 жалпы орта білім беру мектеп  кітапханасының ұйымдастыруымен  5-6 сыныптар аралығында өткен «Кітап оқы, рухани бай  бол!» мәнерлеп оқу сайысы қорытындыланды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, кітапқа деген қызығушылық пен кітап оқу мәдениетін арттыру, оқырмандардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, қолдау көрсету және үздік көркем шығармаларды кеңінен насихаттауды мақсат еткен шараға мектептің  кітап сүйер қауымы белсенділік танытты.

Іс-шара  дүние жүзілік кітап және авторлық құқық күні шеңберінде, Абай Кұнанбаевтың - 175 жылдық мерейтойына, Жеңіс күнінің - 75 жылдығына орай,  «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы  мен «Жасөспірімдер мен балалар кітап апталығы» аясында мектеп кітапханасында аталмыш жылдың 13-ші наурыз күні өтті. Барлығы 11 қатысушы өз бақтарын сынады. Жүргізуші - 7 «Ә» сынып оқушысы Айтбекова Гүлдана сайыс ережелерімен таныстырып өтті.Қатысушылар өзі таңдаған кез келген шығарманы  мәнерлеп оқыды.

Сайыс қорытындысы бойынша көш ілгері озып шыққан қатысушылар жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды. І орынды  - 6 «В»  оқушысы Жанабаева Жансара жеңіп алса, ІІ орын - 5 «В» сынып ооқушысы Майданова Аянаттың еншісінде кетті. Жүлделі ІІІ орында - 5 «Л» сынып оқушысы Дүйсенбі Айымға бұйырды. Жүлделі орын иегерлері мен қатысушылар мадақтамамен марапатталды. Мәнерлеп оқу сайысы  5 «Л» сынып  оқушысы Қуаныш Томиристің орындауында Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен  өз мәресіне жетті.

13-03-2020