• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

"Тәуелсіздік күні" Ақсу қаласының балалар эко-техноорталығында салтанатты түрде аталып өтті

           Тәуелсіздік күні  -  Қазақстан  Республикасының негізгі ұлттық мерекелерінің бірі.  Бұл мереке  жыл сайын жоғары деңгейде аталып өтеді. Биылда осы мерекені Ақсу қаласының балалар эко-техноорталығында 14 желтоқсанда салтанатты түрде аталып өтті. 

          Қазақстан көп ұлтты мемлекет.  Біз әр тілде сөйлесекте отанымыз бір. Елбасының қолданып отырған саясаты  Қазақстан халқының ыңтымағы  мен татулығы үшін жасалып отыр.

           Шараға 100-ге жуық балалар, эко-техноорталығының  жұмыскерлері мен үйірме оқушылары қатысты.

       Орталығымыздың оқушылары: Мұрат Ерасыл, Дюсекина Лина, Мақсат және Асхат Хамитовтар, Қаршыға Айғаным  Бугубаева Жасмин  өздерінің тәуелсіздікке арналған өлеңдерің арнады.  Концерттік бағдарламаны  Кылышпаева Камила мен Ахметжанова Жанель жүргізді. Сонымен қатар «Ритм» би тобы өздерінің билерімен қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлады.  Жетекшісі: Капылова  Л.В.

         Сонымен қатар «Менің Қазақстаным» атты фильм көрсетілді. Шара сонында «Жібек жолы» тобы «Туған жерім»  әнімен аяқтады.

         Біз бақытты мемлекетпіз. Себебі тәуелсіздік - ең қымбат баға  жетпес байлығымыз!!!

19-12-2018