• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

2019 жылы 17 сәуірде «Ақсу» балалар эко-техноорталығында Жастар жылы аясында «Жеңіс жолында!» атты спорттық шара өтті.

2019 жылы 17 сәуірде «Ақсу» балалар эко-техноорталығында Жастар жылы аясында «Жеңіс жолында!» атты спорттық шара өтті. Эстафетаға А. Н. Какенованың, Д.Е. Мағжановтың жетекшілігімен экологиялық-биологиялық бағыттағы бірлестіктердің тәрбиеленушілері қатысты. Спорттық-ойын-сауық іс-шараларын өткізуде эстафетаның жетекшілері мен ұйымдастырушыларына зор алғысымызды білдіреміз. Бұл жерде жарысатындардың жасы да, физикалық дайындығы да маңызды емес. Қатысудың басты шарты - салауатты өмір салтын ұстанушы болу немесе олардың қатарын толтыруға дайын болу. Ал командалар мәреге қандай нәтижелермен келетіндігі олардың ұйымшылдығы мен ынтымағына байланысты. Ең жауапты сәт басталды, командалар жарыс сөресіне шықты.

         Эстафетаның бағдарламасы өте мазмұнды болды. Бірінші тапсырма командаларды таныстыру болды. Ол қызу және үйлесімді өтті. Командаларға қызықты,  жүгіру, кейде секіру, ептілік пен зеректілік байқаулары ұсынылды.

         «Интеллектуалды» атты викторинада қатысушылар өздерінің спорттық, ақыл-ой қабілеттерін және дағдыларын көрсете алды. Бұл қызықты жарыстың барлық кезеңдері қызу тартыста өтті. Жанкүйерлер мен көрермендер оқиғаның барысын бақылап, қобалжу үстінде болды.

         Өз командасы үшін спорттық тартыс пен жеңіске жету ниеті спортшыларды еліктіргені соншалық, олар айналада болып жатқан жағдайды байқамады.  Барлығы финалға бірінші болып келуге тырысты.

         Сонымен өз ептілігінің арқасында «Оқжетпес» командасы көңілді старттарда жеңіске жетіп, бірінші орынға, «Барыс» - екінші орынға ие болды.

         Сірә, ұжымдарды бірлескен мерекелер мен ойын-сауық сияқты ештеңе жақындастырмайтын шығар. Сондықтан да біздің орталықта спорттық эстафеталар өткізу дәстүрге айналды. Жарыс нағыз спорт, денсаулық және жастық мерекесі болды! Эстафеталарға қатысып, барлығы өздерін үлкен бір отбасыдай сезінді!

         Эстафетаның қорытындысы бойынша командалар құрмет грамоталарымен марапатталды. Мереке  қызықты өтті, көптеген жағымды эмоциялар мен әсер қалдырды. «Ақсу» балалар экотехноорталығының педагогикалық ұжымы өткізілетін іс-шараларды экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, сәндік-қолданбалы және ғылыми-техникалық бағыттағы балалар үйірмелері мен бірлестіктерін біріктіру үшін барлығын жасайды. Спорт алаңдарында мұндай кездесулер дәстүрлі түрде болады.

24-04-2019