• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

2019 жылы 19 наурызда Ақсу қаласының № 7 орта мектебінде «Өзін-өзі тану» пәнінің тұтас педагогикалық процеске интеграциясы» тақырыбында семинар-практикум өтті.

2019 жылы 19 наурызда Ақсу қаласының № 7 орта мектебінде «Өзін-өзі тану» пәнінің тұтас педагогикалық процеске интеграциясы» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинарға «Павлодар қаласы «Өрлеу» БАҰО» АҚ аға оқытушысы А. Ж. Несіпбаева, Ақсу қаласы білім бөлімінің әдіскерлері және Павлодар облысы мектептерінің мұғалімдері шақырылды.

Семинар барысында өзін-өзі тану пәні бойынша кіріктірілген сабақтар, сынып сағаттары өткізілді. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері оқытудың тиімді түрлерін және интеграциялау әдістерін көрсетті.

Семинардың екінші бөлімінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ою өрнек Party»  этно - фестивалі өткізілді.

Ауылға кіре берісте қонақтарды батырлар қарсы алды.

 Ерекше түрде «Қонақты қарсы алу» салты, киіз үйдің салтанатты ашылуы, шағын киіз үйлердің тұсаукесері көрсетілді. Семинар қатысушыларына «Ою - өрнектің сиқыры», «Family day», «Асық ату» шеберлік сыныптары көрсетілді. Бұл іс-шараға мұғалімдер, оқушылар ғана емес, ата-аналар да қатысты.  Олар «Эбру», бисер тоқу, кесте тігу, оригами техникасы бойынша өз талантымен бөлісті.

«Өзін-өзі тану» - бұл құнды рухани қазынаға ие, әр адамды рухани және адамгершілік, бақытты және қуанышты, мейірімді және дана етіп жасайтын бірегей пән.

26-03-2019