• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

2019 жылғы 2 шілдеде «Домбыра күні» қарсаңында «Экоәлем» лагеріндегі балаларға арналған Павлодар қаласы музыкалық колледжінің түлегі Алексей Лодочниковпен және музыкалық колледждің 3-курс студенті Гарифолла Габдуррахманмен кездесу ұйымдастырылды

2019 жылғы 2 шілдеде «Домбыра күні» қарсаңында «Экоәлем» лагеріндегі балаларға арналған Павлодар қаласы музыкалық колледжінің түлегі Алексей Лодочниковпен және музыкалық колледждің 3-курс студенті Гарифолла Габдуррахманмен кездесу ұйымдастырылды. Жас дарынды балалар балаларға өз өмірінің тарихын айтып, қазақ аспабы-домбырада музыкалық нөмірлерін орындады. Экоәлемдіктер өздерінің болашақ жоспарлары туралы айтып, түрлі тақырыптарға сұрақтар қойды. Балалар домбыраның шығу тарихымен, қазақтың ұлы ақындарының есімдерімен, өлкеміздің талантты балаларының өмірімен танысты. Алексей Лодочников Қазақстанның «100 жаңа тұлғасы» қатарына кіреді. Музыкалық колледжде оқып, «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі болды. Оның «ерекшелігі» мемлекеттік тілдің иесі болмаса да, оны жетік меңгерген және домбырада шебер ойнайтын, қазақ халық әндерін орындайтындығында. «Экоәлем» лагерінің балалары мен тәрбиеленушілеріне бұл көңіл –күй сыйлады. «Ақсу» балалар эко-техноорталығының ұжымы жас дарынды балаларға табыс пен мақсаттарына жетуді тілейді!

05-07-2019