• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Ағымдағы жылғы 20 мамырда №1 орта мектеп базасында білім бөлімімен «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы кезеңдегі демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастасыру» тақырыбында семинар өткізілді

Ағымдағы жылғы 20 мамырда №1 орта мектеп базасында білім бөлімімен «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы кезеңдегі демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастасыру» тақырыбында семинар өткізілді. Шараға білім беру мекемелерінің директорлары және директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Сонымен бірге шараға:

Қ.Т. Смағұлов – Ақсу қаласы білім бөлімінің басшысы;

С.Д. Касимгазинов – Павлодар облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ №7 құтқару бөлімшесінің басшысы;

Ш.К. Ахметова, А.Р. Сакенова – Ақсу қаласының ҚДС АҚБ санитарлық-гигиеналық қадағалау мамандары;

А.Ж. Ахметова – Ақсу қаласы ІІБ ЖПБ инспекторы, аға лейтенант;

А.К. Алпысбай – Ақсу қаласының қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тобының инспекторы;

Г.К. Алиханова - Ақсу қаласы балалар емханасының меңгерушісі;

А.Н. Кыдырмоллаева – Ақсу қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі инженері, сондай-ақ жалпы білім беру мектептерінің директорлары мен директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

         Шақырылған қонақтар өз сөздерінде келесі мәселелерді қозғады: суда, жәндіктер шаққан кезде, жарақаттар, күн өту, жаралар алған кезде  зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, тамақтан уланудың және өткір ішек инфекцияларының алдын алу; ЖКО алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігі; кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу; өрт қауіпсіздігі; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде ТЖ туындауына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар туралы; су айдындарындағы жүріс-тұрыс ережелері.

         Осындай көлемдегі қалалық семинар өңірдің жалпы білім беретін мектептеріне мемлекеттік органдармен бірлесіп жазғы кезеңде оқушылардың қауіпсіз демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

27-05-2019