• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

20 қараша күні БШҮ мәжіліс залында «Құқықтық білім мектебі» жобасының шеңберінде орыс тілдес қала мектептерінің 10 сынып оқушылары арасында «Мен заңды білемін!» атты II интеллектуалды ойыны өткізілді

20 қараша күні БШҮ мәжіліс залында «Құқықтық білім мектебі» жобасының шеңберінде орыс тілдес  қала мектептерінің 10 сынып оқушылары арасында «Мен заңды білемін!» атты II интеллектуалды ойыны өткен болатын. Сайысқа  5 ойыншы қатысты: №4 ОМ оқушысы Камила Шанышпаева, №7 ОМ оқушысы Жалгас Айтмагамбетов, Лицей оқушысы Яна Солодовникова, №7 ОМ оқушысы Валерий Хохлов және №8 ОМ оқушысы Ксения Ратенко. Ойын  IV кезеңнен құралды:  1) құқық әлемі, 2) ертегілік құзыреттілік, 3) болжам және  4) мен құқықты білемін. Ойын нәтижесі толықтай қатысушылардың біліміне байланысты болды, бірақ, онымен қоса, сәттілік те өз септігін тигізді. Ойынның ақшалай жүлделі фонды болды: 5000, 3000, 2000 және 1000 теңге. Жеңімпаз бас жүлде – 5000 теңгені иеленді. Алғашқы кезеңнен бастап, көшті Валерий алды, оған оның  эрудициясы мен сәттілік көмек болды және ойынның соңына дейін көшбасшылықты жіберген емес. Одан басқа,  Камила да жақсы ойнап тұрды, бірақ, кейбір сұрақтарға дұрыс жауап бере алмады. Ойын интеллектуалды болғанымен, өте қызықты өтті. Ойынға деген құмарлық барлығын қызу кернеуде ұстап тұрды. Соңында, бас жүлде 5000 теңгені  Валерий Хохлов жеңді, II орында – Яна Солодовникова, оның жеңген соммасы 3000 теңгені құрады. III орында  Ксения Ратенко – 2000 теңге және жұбаныш сыйлықтары 1000 теңгеден Жалгас Айтмагамбетов пен Камила Шанышпаеваға бұйырды.Ойынға қатысу арқылы оқушылар өздерінің құқық саласындағы білімдерін көрсетіп, өз эрудициясының арқасында ақшалай сыйлықтарға да ие болды.

         Адамның құқығы бұзылмауы үшін оны тек қағазға жазу жеткіліксіз. Ең бастысы, адамның өзі құқығын біліп, қорғағаны жөн. Әр құқық міндеттілікті талап етеді. Міндетсіз құқық шеттен шыққан іс-әрекеттерге әкеледі, ал құқықсыз міндет – бассыздыққа әкеледі.

27-11-2018