• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

2018 жылдың 21 қыркүйегінде облыс әкімі Б. Бақауов Ақсу қаласына жұмыс сапарымен келді

2018 жылдың 21 қыркүйегінде облыс әкімі Б. Бақауов Ақсу қаласына келді. . Ол бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды, соның ішінде «Ақсу» балалар эко – техноорталығын аралады, онда өңір басшысының оқу орындарының қамқоршылық кеңес өкілдерімен кездесу өткізілді. Диалог форматында ата-аналар білім сапасын жақсарту және оны одан әрі дамыту перспективасына қатысты бірқатар мәселелерді қозғады. Кездесуде тілектестік пен ашық әңгіме орнады.

         Облыс әкіміне: биік бойлы фигуралары бар шахмат тақтасы және БЭО ғимаратының холында орналасқан едендік карта; Павлодар қаласындағы фин әдістемесі бойынша оқытатын (логикалық ойындар) «Ойна» білім беру орталығы филиалының жұмысы; "Stem" ғылыми-техникалық ардуиндермен (зертханасы робототехника жиынтығының жетілдірілген үлгісі) көрсетілді

21-09-2018