2019 жылғы 22 тамызда «Bilim ja'ne G'ylym» тамыз конференциясы аясында Ақсу қаласы мен ауылдық өңірі педагогикалық қызметкерлерінің секциялары өткізілді

2019 жылғы 22 тамызда «Bilim ja'ne G'ylym» тамыз конференциясы аясында Ақсу қаласы мен ауылдық өңірі педагогикалық қызметкерлерінің секциялары өткізілді.

Секциялар жұмысында өңірдің 200 аса пән мұғалімі қатысты. Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша қалалық мектептерге бөлінді: №2 ЖОББМ, Мектеп-лицей, № 4 ОМ, № 7 ОМ және № 8 ОМ.

Педагогикалық қызметкерлер инклюзивтік білім беру, үштілділік білім беруді іске асырудағы тиімді формалар мен әдістерді жоспарлау, оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру, білім беру мазмұнын жаңарту аясында жиынтық бағалауды ұйымдастыру, сабақтарда технологиялар қолдану және т.б. Сондай-ақ, сынып-шеберлер мен коучингтер өткізілді.

Секциялар қорытындысы бойынша пән мұғалімдерінің жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар қабылданды

22-08-2019