• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Ағымдағы жылғы 22 тамызда жыл сайынғы тамыз конференциясы шеңберінде «Ақсу» балалар эко-техноорталығының базасында қосымша білім беру педагогтарына арналған секция өткізілді

            Ағымдағы жылғы 22 тамызда жыл сайынғы тамыз конференциясы шеңберінде «Ақсу» балалар эко-техноорталығының базасында қосымша білім беру педагогтарына арналған секция өткізілді. Коворкинг - орталықта қолданбалы шығармашылық көрмесі ұймдастырылды, онда қонақтардың назарына балалардың үздік жұмыстары, сондай-ақ келесі бағыттар бойынша педагогтердің презентациялары ұсынылды: декортаивті – қолданбалы, ғылыми – техникалық, эколого – биологиялық, туристік – өлкетану және робот техникасы. Пленарлық бөлімінде қатысушылар жұмыс тәжірибесімен, өз жұмыстарымен, шығармашылық әлеуметтерімен бөлісті, қосымша білім беруді ұйымдастыру қызметіндегі әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру, ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимыл жөніндегі мәселелерді талқылады. Секцияның тәжірибелік бөлімінде әртүрлі қызметтер түрлері бойынша шеберлік – сыныптары өткізілді.

               Секциялық жұмыстың соңында үздік педагогтар білім бөлімінің грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

22-08-2019