• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

2019 жылдың 22 қаңтар күні «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы» МКҚК ұйымдастыруымен балабақшада “Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысты ұйымдастыру” тақырыбы бойынша облыстық семина

2019 жылдың 22 қаңтар күні «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы» МКҚК ұйымдастыруымен балабақшада  “Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысты ұйымдастыру” тақырыбы бойынша облыстық семинар өтті.  Павлодарлық мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогикалық зерттеулер орталығының директоры, п.ғ. докторы, профессор Бағжанат Дындарбекқызы Қайырбекова, Ақсу қаласы білім бөлімінің мектепке дейінгі бөлімнің әдіскері Зайра Галымханқызы Абрахманова , Ақсу қаласы «Ақсу жолы» газетінің тілшісі Шамшат Жүнісқали аталмыш іс-шараның қонағы болды.

2018 жылғы 10 мамырдан №293/5 Ақсу қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде «Ақсу қаласының  түзету үлгісіндегі № 12 бөбектер бақшасы» МКҚК «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы» МКҚК қайта аталды. 

Балабақшада 12 топ жұмыс істейді. Соның ішінде 5 топ санаторлық топ. Бұл топтарда туберкулез инфекциясы ерте анықталған, туберкулездың шағын және бәсеңдеген түрлері бар, жиі және ұзақ сырқаттанатын балалар тәрбиеленеді. Балалар саны – 98.

Сонымен қатар, коррекциялық түзету 7 топ бар. Осы топтарда ерекше білім беру қажеттілігі бар, яғни сөйлеу қабілетінде  бұзылыстары бар, тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар ( жеке күтімді талап етпейтін өз бетінше қозғалатын), зерде бұзылыстары бар, ақыл-ой кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген), психоневрологиялық патологиясы бар, эмоциялық-ерік аясында және мінез-құлқында бұзылыстары бар, аутистикалық спектрлық бұзылыстары бар балалар қатысады.  Балалар саны – 76.

Осы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен келесі қызметкерлер жұмыс жасайды:

Логопед оқытушылар – 6, соның ішінде 3 жас маман  ПГПУ –дан, 2018ж. Психолог педагогтары – 3, Дефектолог оқытушылар – 6. Дене шынықтыру және ЕДШ (ЛФК) оқытушылары – 2, жас мамандар, 2017 ж. Сонымен қатар балалармен дәрігер невропотолог – Альмира Төлеубековна,

дәрігер-педиатр – Қайырбекова Серік Байтанатовна және 2 медбике Садыкова Сауле Ахметжанова мен Катырбаева Раушан Темірболатовна жұмыс жасайды.

         Семинарда әдістемелік құралдар мен бағдарламалар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасаудың негізігі әдіс -  тәсілдері, ата-анлармен жұмыс, мастер-класстар, тәжірибелік оқу үрдістері ұсынылып көрсетілді. 

Біздің басты міндетіміз - ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау!


23-01-2019