• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасында қалалық «Жастар болашақ кепілі» атты Жастар – 2019 форумы өтті

Ақсу қаласының «Балапан» бөбектер бақшасында мамыр айының 23 күні балабақша жастары арасында форум өтті. Форумға қалалық білім беру бөлімінің мектепке деінгі білім беру секторының маманы З.Г. Абдрахманова, білім беру бөлімінің кәсіп одақ төрайымы Ж.К.Рустем, білім бөлімінің жастар одағының мүшесі А.Т. Шарипов қатысты.

Форумды балабақша басшысы Амина Уахитқызы Сартова ашып, Ел басымыздың жолдауы бойынша, 2019 жыл - «Жастар жылы» болғандықтан жастарға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

Қонақтарға «Балапан» балабақшасының жастары сәлемдесу ретінде «Сәлем, сәлем, алақан!» атты би шашуын арнады. Білім бөлімінің жастар одағының мүшесі А.Т. Шарипов қатысушылармен «Біз команда» атты тренингін өткізді.

«Жүзден жүйрік» атты ойын форумды жалғастырды. Ойын «Ойлан да, тап», «Логикалық сұрақтар», «Қолтырауын», «Жастардың болашағы» жобасынан құралды, форумға келген жастар ойынға белсенді қатысты.

«Достық алақандар» рефлексия өткізіліп, «Балапан» бөбектер бақшасының жастар одағының төрайымы М.А.Беласарова «Айналайын» бөбектер бақшасының жастар одағының төрайымына эстафета кубогын табыстап, жастардың келесі іс – шарасы «Айналайын» бөбектер бақшасында өткізілетінін айтты. Қорытынды сөзді балабақша басшысы Амина Уахитқызы Сартова, қонақтарды өткізілген іс – шараға қатысқаны үшінризашылығын білдіріп, рахметін айтты.Қонақтар көтеріңкі көңіл күймен тарады.

24-05-2019