• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

23.04.19. БШҮ мәжіліс залында қала мектептерінің 10 сынып оқушылары үшін «Қызықты адаммен кездесу- үлкенге 100 сұрақ» циклынан кезекті кездесу өтті.

23.04.19. БШҮ мәжіліс залында қала мектептерінің 10 сынып оқушылары үшін «Қызықты адаммен кездесу- үлкенге 100 сұрақ» циклынан кезекті кездесу өтті.  Бұл бағдарлама «сұрақ-жауап» түрінде өтеді. Мұнда кез келген оқушы танымал және құрметті адамға өзін қызықтыратын сұрақ қоюына болады, мысалы, балалықшағы және мансабы, саясат және білім, хобби және өмірлік құндылықтары.

Бағдарлама технологиясы бұл, «Үлкенге 100 сұрақ» жобасы секілді. Біздің жобаның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, қаланың қызықты және танымал адамдарымен кездесу арқылы жасөспірімдердің тұлғалық өзін-өзі анықтауға бағыттау. Сол себептен,  ең басты шарт – келген қонағымыз қаламыздың тұрғыны болуы қажет. Бұл жолы қонақ ретінде қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот төрешісі Светлана Николаевна Пономарева келді. Светлана Николаевна бағдарламаның бірінші бөлімінде блиц сұрақтарды 40 сұрағына жауап берді. Сонан соң, үлкен қызығушылықпен балалардың сұрақтарына жауап берді. Кикілжіндер мен түсініспеушілікті шешудің альтернативті жолы – медиациямен таныстырды. Бағдарлама соңында Светлана Николаевна өзіне ұнаған ең қызықты сұрақты таңдап алды. Ол сұрақты қойған №2 ЖОББМ оқушысы Токмаганбет Назерке болды. Оған сыйлық табыстаған болатынбыз. Светлана Николаевна барлық сұрақтарға үлкен қызығушылықпен жауап бергенін атап өтті. Кездесу соңында фотосессия болды.

24-04-2019