2019 жылғы 24 желтоқсанда Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы оқушыларға, сондай-ақ аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан

2019 жылғы 24 желтоқсанда Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы оқушыларға, сондай-ақ аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан, оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде табыстарға жеткен балаларға арналған шырша өтті.

         Шыршаға қатысушылар «Иртыш Синема» кинотеатрына барды. «Ертіс» қонақүй кешенінің әсем безендірілген залы біздің балаларды жарқын бояулармен қарсы алды. Шыршаға қатысушыларды Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауов құттықтады. Мерекеде үздік балалар көркемөнер ұжымдары өнер көрсетті. Балалар Аяз ата мен Ақшақарды қуана қарсы алды, Жаңа жылдың құрметіне хормен жүріп ән айтты.

Балалар үшін бақытты оқиға сыйлықтар болды. Әр қатысушы сыйлық жиынтығы – ноутбук, кітап, тәттілер жиынтығы және үстел ойынына ие болды. 

Аталмыш іс-шара балалардың көңілінен шықты.

06-01-2020