• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Ақсу қаласы М.Омаров атындағы селолық округінің Жамбыл орта мектебінде 2019 жылдың 25 ақпанында ІТ-кабинеті ашылды

Ақсу қаласы М.Омаров селолық округінің Жамбыл орта мектебінде жаңа заманға сай жабдықталған ІТ  - кабинеті ашылды. Кабинеттің ашылу рәсімін Ақсу қаласының әкімі Ыбыраев Балғабай Жұмағұлұлы жүргізді. Ашылу салтанатына мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

        Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:  жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасын қабылдауды жүктеді. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында IT, киберқауіпсіздік, робототехника салаларына басымдық берген болатын.  IT кабинеттерін ашу - оқушылардың дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ. Жоба "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында "Нұр Отан" партиясының бастамасымен қолға алынды.

          Елбасының Жолдауында білім беру жүйесін цифрландыру талаптарына бейімдеу қажеттігі айтылған. Бұл міндетті жүзеге асыруда цифрлы технология кабинеті үлкен көмек болмақ. IT кабинеті тың идеялар мен жаңа ізденістерге жол ашады.

28-02-2019