• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Ағымдағы жылғы 25 маусымда №1 орта мектепте қала мектептерінің, балабақшалардың, қосымша білім беру ұйымдарының және ата-аналар қоғамдастығының директорлары мен педагогтары арасында брифинг өтті

Ағымдағы жылғы 25 маусымда №1 орта мектепте қала мектептерінің, балабақшалардың, қосымша білім беру ұйымдарының және ата-аналар қоғамдастығының директорлары мен педагогтары арасында брифинг өтті. Жалпы 100-ден астам адам қамтылды.

Ақсу қаласы білім бөлімінің басшысы Қ. Т. Смағұлов «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру бойынша ақпарат берді. Ол қатысушыларды бағдарламаның негізгі индикаторларымен таныстырып, Ақсу өңірінде білім беру жүйесін одан әрі дамыту мәселелері мен оң тұстарын атап өтті

26-06-2019