• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

25 наурызда «Ақсу» балалар эко-техноорталығының базасында «Quest-time» өңірлік конкурсы өтті

25 наурызда  «Ақсу» балалар эко-техноорталығының базасында «Quest-time» өңірлік конкурсы өтті, оған қала және ауыл мектептерінің тәрбиеленушілері қатысты. Балалардың міндеті алдын ала берілген бағыт парағы бойынша 9 станциядан өту болды. Әр станцияда балаларды интеллектуалды сұрақтар, жылдамдық пен ептілікке ойындар күтіп тұрды. Балалар сурет салуда өздерінің шығармашылық қабілеттерін , зейіндерін көрсетті, барлық жануарлар мен олардың іздерін еске түсірді, дұрыс нұсқаларды салыстырды. Белгілі кинокартиналардың скриншоттарының көмегімен қатысушылар фильмнің атауын жылдамырақ табу керек болды. Қорытынды шығару кезінде 1-орынды №8 орта мектебінің «Успех» командасы, 2-орынды №1 орта мектебінің «Достық» командасы, 3- орынды Еңбек ауылының орта мектебі «Алға» командасы иеленді. Балалар эко-техноорталығының құрамасы, Шүлембаев орта мектебінің «Спортики» командасы, Қалқаман орта мектебінің «Аврора» командасы ынталандыру сыйлықтарын ие болып, осындай іс-шараларға қатысу тәжірибесін алды.

26-03-2019