26 тамызда Ақсу қаласында педагогикалық қызметкерлерінің «Bilim ja'ne G'ylym» тамыз кеңесі өткізілді

26 тамызда «Bilim ja'ne G'ylym» тамыз конференциясы өткізіллді, оған қала әкімі Балғабай Ыбыраев, қаланың құрметті азаматтары, педагогикалық еңбек ардагерлері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, АФЗ АҚ және ЕЭК АҚ өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, өңірдің педагогикалық ұжымдары қатысты.

Қалалық мәдениет сарайының холлында конференция қонақтарына қаланың білім беру саласы қызметінің негізгі қорытындылары туралы ақпараттық стендтер, фотогалерея, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары педагогтары және оқушылары жұмыстарының көрмесі ұсынылды. Білім берудің үздік педагогтары және ұйымдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен, облыстық білім беру басқармасының грамоталарымен, сондай-ақ қала әкімінің грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Шара мерекелік концертпен аяқталды.

29-08-2019