2019 жылғы 26 желтоқсанда Павлодар қаласында Павлодар облысы әкімінің атынан жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың, дарынды, оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қо

2019 жылғы 26 желтоқсанда Павлодар қаласында Павлодар облысы әкімінің атынан жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың, дарынды, оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде табысқа жеткен балаларға арналған шырша өтті.

Шыршаға қатысушыларға «ERTIS» мұражайына және Павлодар қаласының бас шыршасына экскурсия ұйымдастырылды. Ертіс Синема кинотеатрында мультипликациялық фильм көрсетілді. Жаңа жылдық іс-шара жақсы ұйымдастырылды. Кішкентай қонақтарды Павлодар облысының әкімі                     Б.Ж. Бақауов құттықтады. Балаларға смартфондар, үстел ойындары  және тәтті сыйлықтар табысталды.

06-01-2020