28 тамызда №8 орта мектебі базасында өткен оқу жылының қорытындысы мен жаңа оқу жылына міндеттер талқыланып, семинар өткізілді

28 тамызда №8 орта мектебі базасында білім бөлімінің басшысы, мектеп, балабақша, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары, қамқоршылық кеңесі төрағаларының қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңес барысында Қамқоршылық кеңестердің және білім беру ұйымдары әкімшілігінің заңды мүдделерін, оқушылар мен тәрбиеленушілерді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, «Мектепке жоқ» республикалық акциясының қорытындысы шығарылды. Білім бөлімінің әдістемелік жұмыс кабинетімен оқу жұмысы бойынша мекемелердің рейтингтік көрсеткіштері айтылды. Сонымен қатар қатысушылар ҚР БҒМ 2019 - 2020 оқу жылына арналған жаңа нұсқаулық – әдістемелік хатпен танысты. 1 қыркүйекті өткізу бойынша ұсыныстар жеке берілді.

29-08-2019