• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

2019 жылы 28 наурызда М. Қабылбеков атындағы орта мектеп «Шеберлер қаласы» фестивалінің екінші кезеңі өтті

2019 жылы 28 наурызда М. Қабылбеков атындағы орта мектеп «Шеберлер қаласы» фестивалінің екінші кезеңінің қатысушы қонақтарын қабылдады. Іс-шараға Қ. Қамзин атындағы орта мектеп, Айнакөл орта мектебі, Сарышығанақ орта мектебі, Қызылжар орта мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. Олар қонақтар мен қазылар алқасының назарына түрлі бағыттар бойынша өздерінің үздік жұмыстарын ұсынды.  Әр қатысушы өз іскерліктерін, шығармашылық қабілеттерін және шеберлік құпияларын ортаға салды. Қазылар алқасының мүшелеріне жеңімпаздарды анықтау оңай болмады.

         Вокалдық жанр: I-орынды М.Қабылбеков атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Мақсұт Сара иеленді. Оның орындауында «Наурыз» әні шырқалды. II-орынды Қ. Қамзин атындағы ОМ 4-сынып оқушысы Шорман Мөлдір иеленді. Ол «Көзіңнің мөлдірін-ай» әнін орындады. Бұл жанрда «Эмоциялық орындау» номинациясын Айнакөл орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ерболат Оразбек иеленді.

         Хореографиялық жанр: I-орын М. Қабылбеков атындағы орта мектебінің («Микки Маус» биі) және Қызылжар орта мектебінің (қазақ биі) би топтары арасында бөлінді.  ІІ-орын Қызылжар орта мектебінің шағын орталығының кіші тобы (қытай биі). III-орын М. Қабылбеков атындағы орта мектептің 3- сынып оқушыларына («Стюардесса» биі) берілді. «Әсемдік және шеберлік» номинациясы К. Қамзин орта мектебінің 10-сынып оқушысы Қаратай Дианаға (өзбек биі) берілді.

         Аспаптық жанр – І-орынды «Қосалқа» композициясы үшін                       М. Қабылбеков атындағы орта мектебінің 4-сынып оқушылары домбыра ансамблі иеленді. II-орынды Қ. Қамзин атындағы ОМ аспаптық оркестрі (Халық әні «Еркемай») иеленді. III-орынды Қ. Қамзин атындағы орта мектептің дуэті Шаймерденова Айжан және Қуандық Айсымбат («Айжан қыз» күйі) иеленді.

         «Театр» мектеп үйірмесінің тұсаукесері – І-орын Қызылжар ауылы орта мектебінің шығармашылық шеберлігі үшін «Көркем сөз» үйірмесінің жетекшісі Асен Аманжолға берілді. 8-сынып оқушылары Д. Исабековтың «Әпке» және М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» атты әдеби шығармаларынан көрініс көрсетті. Басты рөлді орындаушы Тлеубердина Батима «Актерлік шеберлік» номинациясымен марапатталды.

«Асық ату» жарысында: 1-орынды М. Қабылбеков атындағы орта мектеп командасы, 2-орынды Айнакөл орта мектебінің оқушылары және 3-орынды Қызылжар орта мектебінің оқушылары иеленді. Сарышығанақ және  К. Қамзин орта мектептері жарысқа қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды.

Сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі әр түрлі техникалармен және бағыттармен ұсынылды. Үздік жұмыстар келесі номинацияларда бөлінді:

- «Әсемдік пен шеберлік» Айнакөл орта мектебінің педагогі М.М. Байуақовқа «Ағаштан жасалған кітап» композициясы үшін;

- «Шығармашылық қиял» Айнакөл орта мектебі «Шебер қолдар» үйірмесінің жектешісі Г.Д. Амироваға;

- «Креативтік және көркем шеберлік» М. Қабылбеков атындағы орта мектептің «Сурет сыры» үйірмесінің жетекшісі;

- «Шығармашылық шабыт» «Ұлттық жабдықтау» үйірмесінің жетекшісі А. Аканов;

- «Шығармашылық қиял» Қ. Қамзин атындағы орта мектептің «Жұмсақ ойыншық» үйірмесінің жетекшісі Е.И. Безверхова.

Барлық қатысушыларға грамоталар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Байқау жеңімпаздары ағымдағы жылдың сәуір айында өтетін гала - концертке қатысады.

01-04-2019