• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

Ақсу қаласының балалар өнер мектебінің базасында 2019 жылдың 29 наурызында «Птичий перезвон» IX Республикалық фестивалі өтті

Ақсу қаласының балалар өнер мектебінің базасында 2019 жылдың 29 наурызында «Птичий перезвон» IX Республикалық фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты - балалардың табиғи байлыққа деген құрметін қалыптастыру. Құстар туралы білімді тарату және танымал ету - мектеп оқушылары арасында құстарды құрметтеу болып табылады.

Конкурс-фестивальға 6-дан 16 жасқа дейінгі жастағы көркем мектептер, өнер мектептері, сондай-ақ барлық түрдегі білім беру ұйымдары қатысты.

Конкурс-фестиваль 3 номинация бойынша өткізілді. 1 категория 6-8 жас аралығында, 2 категория 9-11 жас аралығында, 3 категория 12-16 жас аралығында болды. Қазылар алқасының мүшелері Сухотерин Николай Александрович - Казхром ТҰҚ АҚ-ның АҚЗ филиалы кәсіподақ ұйымының төрағасы; Такирбасов Ерсын Каскеевич - үздік журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы өнер академиясының корреспондент мүшесі; Нарханова Кульзия Зейнуловна- тәрбие жұмысы және балаларды қорғау секторының меңгерушісі; Исаков Игорь Анатольевич - Ақсу қаласы өнер студиясының жетекшісі, скульптор; Какимов Ақан Тулегенович - Ақсу қаласы «АДиС» жиһаз цехының директоры.

Биылғы жылы конкурс  қанатының астына 454-тен астам туындыларын жинады, 7 қаладан 26 ұйым қатысты - Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Талдықорған, Күлсары, Шымкент, Ақтөбе. Жалпы жүлдегерлердің саны -106 бала, олардың ішінен 6 бала 1 - орын, 19 бала 2-орын, 22 бала 3 – орынды және 59 бала ынталандыру орын иеленді. Ақсу қаласы білім бөлімінің басшысы Қ. Смағұлов Ақсу қаласының өнер мектебіне 2019-2020 оқу жылына арналған тегін білім беру сертификатын табыс етті. Казхром ТҰҚ АҚ-ның АҚЗ филиалының кәсіподақ ұйымы көркем өнер бөлімінен 2 сынып оқушысы Дарья Белоусоваға табыстады.

Бұл іс-шараға Ақсу қаласының әкімдігі және «Казхром» ТҰҚ АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының кәсіподақ ұйымы демеушілік көрсетті.

01-04-2019