• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

2019 жылы 29 наурызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №7 орта мектеп базасында №1, №2, №4, №7, №8, мектеп-лицей, №5 БМ, Қ. Шүлембаев атындағы мектептер арасында «Шеберлер қаласы» фестивалінің үшінші кезеңі өтті

2019 жылы 29 наурызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №7 орта мектеп базасында №1, №2, №4, №7, №8, мектеп-лицей, №5 БМ,                     Қ. Шүлембаев атындағы мектептер арасында «Шеберлер қаласы» фестивалінің үшінші кезеңі өтті. Конкурс келесі бағыттар бойынша өткізілді: вокал, хореография, мектеп аспаптар оркестрі, сәндік - қолданбалы шығармашылық көрмесі, «Театр» үйірмесінің тұсаукесері, «Асық ату» жарысы.

Жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Вокалдық жанрда: 1-орынды лицей-мектебінің оқушысы                          Ю. Булычева (гитарада орындау);  2-орынды – №2 ЖОМ оқушысы                      Д. Арынова («Мен сені сүйемін» әні, жетекшісі Алдамуратова А. Е.); 3-орынды -   №4 ЖОМ оқушысы Э. Желтова («Кукушка» әні, жетекшісі Иванова М. В.) жеңіп алды.

Хормен орындау: 1-орын – Қ. Шүлембаев атындағы ЖОМ «Улыбка» вокалдық тобына («Оладушки» әні, жетекшісі А. Ж. Қуанышбекова); 2-орын – №7 ЖОМ 3-сынып оқушыларының хорына («Қазақстан» әні, жетекшісі                   Д. Н. Апаева); 3-орын - №8 ЖОМ «Лира» вокалдық тобына («Школа, двери распахни!» әні жетекшісі Колмогорова С. В.) берілді.

Ал вокалдық жанрда келесі қатысушылар марапатталды:

- «Жүрекпен орындау» номинациясы «Қош келдің, төрлет, Наурызым» әнімен лице-мектебінің оқушыларына (Абсалямова Д., Исенова Х.) берілді, жетекшісі Пилишкина Ю.Б.;

- «Эмоционалды орындау» номинациясы №1 ЖОМ оқушысы            С. Қасеноваға («Ана жүрегі» әні, жетекшісі Жумалина М. Е.) және №2 ЖОМ оқушылары А. Майдановаға («Ақ мамам» әні) және Меруерт Қаратайға («Undo» әні) табысталды, жетекшісі Алдамуратова А. Е.

Хореографиялық жанр: 1-орын - №1 ЖОМ («Большая перемена» биі, жетекшісі Л. В. Копылова); 2-орын - №4 ЖОМ («Әдемі-ау» би тобы, «Лезгинка» биі, жетекшісі Б. Г. Нұртаева) және «Шабыт» би тобы (Орыс биі, жетекшісі Ж. Б. Болат); 3-орын - лицей-мектебінің «Гүлдер» ансамблі («Көктем құстары» қазақ биі, жетекшісі Л. М. Шатыгина) және №7 ЖОМ («Flawlessly» хореографиялық ұжымы, «Драйв» биі, жетекшісі Есенбаева Ф.К.).

Осы жанрдағы ұжымдар номинациялармен марапатталды:

 - «Орындаудағы түпнұсқалық»  - «Інжу» хореографиялық тобы             Қ. Шүлембаев ЖОМ («Пати дэнс» биі, жетекшісі К. Т. Кадырбеков);

- «Орындаудағы түпнұсқалық» - №7 ЖОМ «Вдохновение» хореографиялық ұжымы («Алға» биі, жетекшісі Ю. Б. Литовченко);

- «Үздік түпнұсқа орындау» - №8 ЖОМ  (заманауи би,  жетекшісі Крылова Д.С.).

Аспаптық жанр: 1-орын - № 1 ЖОМ («Үкілі домбыра» мектеп аспаптар оркестрі, «Сарыарқа» күйін орындау, жетекшісі Қ. Ж. Уәлиев);                   2-орын - Қ. Шүлембаев атындағы орта мектебі («Жас толқын» мектеп аспаптық ансамблі, «Көк денен» күйін орындау, жетекшісі М. Т. Идрисова); 3-орын - мектеп - лицей оқушысы Е. Горбунова (скрипка, «Журавль»).

Осы жанрда №1 ЖОМ «Сарын» мектеп аспаптар оркестрі «Жеткізіп орындау» номинациясымен марапатталды (Монти «Чадаш» орындау, жетекшісі Ж. Г. Ділмағанбетова).

«Театр» үйірмесінің тұсаукесері1-орын №4 ЖОМ «Дебют» театр студиясына берілді. Олардың орындауында С. Маршактың «Кошкин дом» спектаклі ұсынылды, жетекші Воронина А.Г.;

2-орын - №8 ЖОМ театр студиясы («Айтыс» қойылымы, жетекшісі             Ш. С. Кизатова).

Сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі. Үздік үйірме жұмысы үшін келесі жетекшілер марапатталды:

-         «Әсемдік пен шеберлік» номинациясы - Г.Е. Исина, «Очумелые ручки» үйірмесі лицей-мектебі;

-         «Шығармашылық қиял» номинациясы - П.В. Буданов, үйірмесі «Өзің жаса» лицей-мектебі;

-         «Әсемдік пен шеберлік» номинациясы Г.Р. Байтерекова, «Ғажайыптар елі» үйірмесі №7 ЖОМ;

-         «Шығармашылық шабыт» номинациясы үйірмесі                         А.М. Дюсембаева №7 ЖОМ;

-         - «Ерекше шешім» номинациясы - А. А. Кусаинова – «Алтын Ине» үйірмесі; Сахаба Когершин – «Қол өнер» үйірмесі; Базар Назира - №1 ЖОМ «Оймақ» үйірмесі;

-         - «Өнер және шеберлік» номинациясы - Т. А. Вишня, №4 ЖОМ «Умелые руки» үйірмесі;

-         «Әсемдік пен шеберлік» номинациясы - Т.А. Вишня, №4 ЖОМ «Умелые руки»;

-         «Шығармашылық шабыт» номинациясы - Есенгужинов О. О., Аубакиров А. Н. №4 ЖОМ  «Моделдеу және инжиниринг»  үйірмесі;

-         «Креативтілік және көркем шеберлік» номинациясы - Альханов Е.Б., Аширова Н.А., Каримова А.Л. «Шебер қолдар» үйірмесі № 2 ЖОМ;

-         «Шығармашылық шабыт» номинациясы - Тыштыкова Ш.Н.- «Волшебный лоскуток» үйірмесі, Тупоногова В.В. - кружок «Волшебный крючок»  №8 ЖОМ.

         «Асық ату» сайысында орындар келесідей бөлінді: 1-орын - №2 ЖОМ қыздар мен ұлдар командасы; 2-орын - №8 ЖОМ оқушылары командасы және 3-орын - №4 ЖОМ командасы. Жарыстың үздік ойыншылары «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша №5 БМ 4-сынып оқушысы В. Борянин, «Үздік лақтыру және дәлдік үшін» - Берікбол Серік №2 ЖОМ оқушысы және Есенжол Ілияс № 1 ЖОМ оқушысы марапатталды.

         Фестивальдің әрбір қатысушысы өздерінің шығармашылық қабілеттерін, сахнада өз эмоцияларын көрсете білді. Бұл конкурсқа қатысушының да, оның жетекшісінің де үлкен еңбегі.

         Конкурс жеңімпаздары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Олар қалалық гала-концертке қатысады.

02-04-2019