• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

30 қазанда «Ақсу» балалар эко-техноорталығында «Күз ханзадасы және ханшайымы – 2018» байқауы өтті

Күзгі каникул алдындағы осы мерекені өткізу эстетикалық тәрбие және жұмыспен қамту мақсатындағы игі дәстүр болатын. Әдетте, ол қыздар арасында өтетін, ал ұлдар жанкүйер ретінде қатысатын. Біз бұл дәстүрді бұзуды және конкурсқа ұлдарды қосуды шештік. Қазір сұлу күз толыққанды құқығына енген кезең.

30 қазанда «Ақсу» балалар эко-техноорталығында «Күз ханзадасы және ханшайымы – 2018» байқауы өтті, оған 10-нан астам бірлестік қатысты, олар: «Экоәлем» бірлестігі, жетекшісі А.Е. Жанжигитова, «Радуга талантов» бірлестігі, жетекшісі И. П. Бережнова, «Гринландия» бірлестігі, жетекшісі А.К. Билялова, «Жас тілшілер» бірлестігі, жетекшісі Дойтен Н.А., «Беби-клаб» бірлестігі, жетекшісі А.Н. Какенова, «Зооәлем» бірлестігі, жетекшісі М. Мурат, «Зверополюс» бірлестігі, жетекшісі Д.Т. Смагулова, «Жасыл әлем» бірлестігі, жетекшісі Г. Кенжебай, «Жібек жолы» бірлестігі, жетекшісі Б.К. Елимесова, «Жасыл ғаламшар» бірлестігі, жектешісі И.В. Каширихина.

Сайыс бес тапсырмадан тұрды: «Визит картасы» тапсырмасында қатысушылар өздері және қызығушылықтары туралы, бос уақытта немен айналысатынын, сүйікті хоббилары туралы айтты.

«Үй тапсырмасы» конкурсында қатысушылар күз тақырыбына өз қолдарымен жасаған бұйымдарын ұсынды, әр қатысушы өз бұйымдарын қорғауда өзіндік ерекшеліктерін көрсетті.

«Сәнді үкім» конкурсында қатысушылар подиумнан жүріп өтіп, өз киімдерін таныстырды, әр бейне өзінің түпнұсқалығы мен талғампаздығымен ерекшеленді.

«Алло, біз таланттарды іздейміз» конкурсында қатысушылар көркемөнерпаздық нөмірлерін көрсетіп, көрермен алдында өз таланттарымен ашылды.

«Жұлдыздармен би» конкурсында қатысушылар жұлдыздар рөлінде өнер көрсетті. Әртүрлі би әуендері бірінен соң бірі ойнатылды, ал қатысушыларға биді білулері және қажетті стильде билеу міндеті болды. Қатысушылар бұл тапсырманы әртістікпен орындады.

Күз ханзадасы мен ханшайымы – 2018 конкурсының қорытындысы бойынша:

Ұлдар арасынан 1-орынды «Гринландия» бірлестігі, Нұрали Нұртазин, екінші орынды Мақсат Хамитов, үшінші орынды «Экоәлем» бірлестігі, Сергей Бояркин иеленді. Қыздар арасында бірінші орынды «Жасыл алем» бірлестігі, Еркежан Жайықбаева, екінші орынды Полина Тимошина, үшінші орынды Жанеля Ахметжанова және «Күз ханшайымы – 2018» бас жүлдесін Полина Муратова иеленді. Мереке көңілді және қызықты өтті. Қатысушылардың барлығына аталымдар бойынша грамоталар мен жүлделер табысталды.

05-11-2018