Ағымдағы жылғы 4 ақпанда Айнакөл ауылының орта мектебінде «Балаларды СӨС тартудың тиімді формалары мен әдістері» тақырыбында қалалық семинар өткізілді

Ағымдағы жылғы 4 ақпанда Айнакөл ауылының орта мектебінде «Балаларды СӨС тартудың тиімді формалары мен әдістері»  тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Іс – шараға Ақсу қаласы мен ауыл өңірінің жалпы білім беретін мектептердің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты. Мектеп мұғалімдері «Жить здорово!», «Мен оффлайн», «Правильное питание – залог здоровья», «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы», «Здоровые дети в здоровой семье» тақырыптары бойынша  ашық сыныптан тыс іс-шаралар дайындады. Пікірталас, дөңгелек үстел сияқты әртүрлі формалар мен әдістер қолданылды.

        Сондай-ақ, ата-аналармен бірлесіп «Сау балалар – салауатты отбасы    ұжымдық-шығармашылық жұмыс көрсетілді. Мектеп психологы Г.Б.Табулова «Адам өмірі – басты құндылық» тақырыбы бойынша тренинг элементтерін қолданып,  сабақ фрагментін көрсетті. Дене шынықтыру мұғалімдері 5-сынып оқушылары арасында «Растем спортивными - вырастаем здоровыми» атты спорттық эстафета  өткізді.

Семинар соңында жоғарғы сынып оқушылары «Біз СӨС үшін» атты театрландырылған көрініс көрсетті.

        Аталған семинар жұмыста қажетті тәжірибе, жаңа білім, практикалық әдістерді нығайту үшін пайдалы болды.

11-02-2020