2019 жылғы 5 сәуірде Ақсу қаласында «Сүйікті кітаптардың ізгі әлемі - Добрый мир любимых книг» атты облыстық семинар, әдеби библио - микс өткізілді

2019 жылғы 05 сәуірде «Ақсу» балалар эко-техноорталығында Халықаралық балалар кітабі күні, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні, «Бір ел – бір кітап» - «Одна страна – одна книга» республикалық акциясы, «Жүз кітап» жобасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «ТМД-дағы кітап жылы», «Қазақстандағы Жастар жылы», өзара өзара ынтымақтастық және серіктестік қатынастар шеңберінде облыстық мектеп кітапханалары арасында тәжірибе алмасу мақсатында «Сүйікті кітаптардың ізгі әлемі - Добрый мир любимых книг» атты облыстық семинар, әдеби библио - микс өткізілді.

Ақсу қаласының № 7 орта мектебінің мектеп кітапханашылары ұйымдастырған іс - шараның мақсаты – мақсаты-үлкендер мен балалар арасында кітап пен оқуды ынталандыру, тарту және қозғау, оқырман ой-өрісін кеңейту және әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркем әдебиеттің үздік шығармаларының көмегімен белсенді оқырман қызметін қалыптастыру.

«Ақсу» БЭТО фойесінде «Қаламұш сынамасы» қалалық конкурсы оқушыларының авторлық жұмыстары қойылған кітап көрмесі, «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының жазушылары мен авторларының кітаптары, А. Нұрпейісовтың, А. Тәжібаевтың, «Әрқайсысы оқуы қажет жүз кітап» қалалық акциясы, газет-журнал материалдары кеңінен көрсетілді.

Іс – шараның қонақтары - Екібастұз, Ақсу қаласы мектептерінің кітапханашылары, сынып жетекшілері, тәлімгерлер, оқушылар, ата-аналар, «Ақсу қаласының №3 мамандандырылған мектеп-интернаты», «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия» ММ, білім бөлімдерінің мамандары, әдіскерлері болды.

Эко-техноорталық кинозалынан Қазақстан ақындарының, жазушылардың, публицистердің шығармашылығына арналған өлеңдер мен әндер, А. Нұрпейісовтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқа метражды видероликтер, батыр-жерлесіміз Қанаш Қамзинге, Сәбит Дөнентаевқа, Мүбарак Жаманбалиновқа арналған бейнефильмдер мектеп кітапханашыларымен дайындалған әдеби библио-микс бағдарламасы осындай болды.

Іс-шара аясында бұрын өткізілген «Қаламұш сынамасы» қолжазба кітабы қалалық конкурсының жұмыстары үздік деп танылған оқушылары білім бөлімінің грамоталарымен марапатталып, олардың жұмыстары фойедегі көрмеде ұсынылды.

Конкурстың қазылар алқасы марапаттау кезінде жұмыстың қиял мен ой-өрісін, үйлесімділігін атап өтті, конкурстың мақсаты мен міндеттері: оқушыларды сайыстарға белсенді қатысуға тарту, кітап арқылы балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығын, әуестігін оқырман ой-өрісін қалыптастыруға және кеңейтуге ықпал ету, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін ашу үшін кітапханаларда қолайлы орта құру болды.

Түстен кейін семинар қонақтарына және ниет білдірушілерге эко-техноорталыққа экскурсия ұйымдастырылды, онда эко-техноорталықтың үйірмелері мен секциялары, орталық аумағындағы – жатын корпустар, асхана, түйіспелі хайуанаттар бағының, жылыжайдың жұмысы көрсетілді.

Жас өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, өз Отанын сүюге, салт-дәстүрлерді құрметтеуге, кітап пен оқудың беделін арттыру, кітап пен кітап оқуды оқырмандарға қозғау, ашық іс-шаралар өткізу арқылы мектеп кітапханашыларының кәсіби шеберлігін арттыру, аймақтың мектеп кітапханашыларының өзара ынтымақтастығы мен әлеуметтік әріптестігін арттыру-семинардың басты құрамдас бөлігі.

Мұндай іс-шаралар өзінің тиімділігін дәлелдейді, балалардың және ересек адамдардың жүрегінде өткенді еске салады, кітап пен кітап оқуға байланысты балалар мен жасөспірімдердің жағымды эмоцияларын тудырады.

08-04-2019