• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

2019 жылғы 6 ақпан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Бектенбай Есполов және Мәжілісмендер Магеррамов Магеррам Мамедович, Микаелян Наринэ Гамлетовна жұмыс сапарымен Ақсу қаласына келді

2019 жылғы 6 ақпан Қазақстан РеспубликасыПрезиденті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Бектенбай Есполов және Мәжілісмендер Магеррамов Магеррам Мамедович, Микаелян Наринэ Гамлетовна жұмыс сапарымен Ақсу қаласына келді. Сапар барысында “Ақсу” балалар эко-техноорталығына атбасын тіреп қайтты. Ғылыми жұмыс жөніндегі меңгеруші, биологиялық ғылымдардың кандидаты Вольф Л. А. біздің эко-техноорталығымыздың жұмысымен таныстырды. Ондағы IT- сынып, робототехника кабинеті көрсетілді, онда балалар өздерінің жобаларын қорғады, барлық қойған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар жасыл технологиялардың демонстрациялық алаңы, «Жасыл әлем» ғылыми қоғамы, «Экоәлем» кабинеті, «Алтын Оймақ», «Вернисаж идей», «Радуга Талантов» шығармашылық шеберханалары, «Эко-туризм», «Өлкетану», «Авиа және судо-моделирование» бірлестіктерінің жұмысымен егжей –тегжей таныстырылды. «Рухани жаңғыру» шеңберінде біздің орталықта балаларды «Тоғыз құмалақ», «Асық ату» ұлттық ойындарымен ойнатылатыны айттылды. Сондай-ақ су айдынында сурет салу -  «Эбру» түрік техникасы қонақтарға мастер-класс өтткізді, аталмыш шараға Подъячев  Андрей Валентинович белсене қатысып сурет салды. Қонақтар орталықтың қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне барлық бастамаларына зор шығармашылық табыстар тілеп, біздің “Ақсу” балалар эко-техноорталығының жұмысы туралы және болашақтағы даму перспективалары туралы біліп, жағымды әсерлерлер алып кетті.

07-02-2019