2020 жылғы 7 ақпанда Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайында Қазақстан Республикасының білім берудің Құрметті қызметкері Т.Е.Дайкеновтің 80 жылдығына арналған білім беру қызметкерлерінің арасында волейболдан финалдық турнир аяқталды

2020 жылғы 7 ақпанда Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайында Қазақстан Республикасының білім берудің Құрметті қызметкері Т.Е.Дайкеновтің 80 жылдығына арналған білім беру қызметкерлерінің арасында волейболдан финалдық турнир аяқталды, онда іріктеу жарыстарында жеңіске жеткен 4 команда қатысты. Табанды және қызықты ойындардың нәтижесі бойынша № 4 мектеп командасы жеңіске жетті, 2 орын М. Қабылбеков ат. ОМ, 3-орынды Қалқаман ОМ командасы иеленді. Барлық командалар естелік кубоктар мен сыйлықтарға ие болды. Турнирге Т.Е. Дайкеновтің жұбайы мен ұлы, Ақсу қаласының әкімі, құрметті азаматтар, педагогикалық еңбек ардагерлері марапаттауға қатысты.

10-02-2020