• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

7 мамыр күні қалалық жағалау алаңында Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына, Кеңес Одағының Батырлары Қанаш Қамзин мен Иван Суптельдің 100 жылдығына арналған «Патриот» республикалық акциясы шеңберінде жыл сайынғы саптық б

7 мамыр күні қалалық жағалау алаңында Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына, Кеңес Одағының Батырлары Қанаш Қамзин мен Иван Суптельдің 100 жылдығына арналған «Патриот» республикалық акциясы шеңберінде жыл сайынғы саптық байқау өтті. Іс-шараның мақсаты мен міндеттері: өскелең жастарда патриоттық тәрбие беру, саптық дайындық сапасын жақсарту. Байқауға №1,2,4,7,8, лицей, К. Шүлембаев сияқты қалалық мектептердің, сондай-ақ Ю. Гагарин атындағы орта мектебі 8-10-сыныптары, Қалқаман орта мектебінің кадет сыныбының оқушылары қатысты.

         Конкурс 2 кезеңнен тұрды: 1-кезең - салтанатты шерумен өту, 2 кезең–саптық әнмен өту. Содан кейін Павлодар қаласы СОБОР арнайы жасағының және Павлодар облысы бойынша шекара әскерлері ұлттық қауіпсіздік комитетінің №2033 әскери бөлімінің жауынгерлері көрнекі өнер көрсетті.

         Кокурстың қорытындысы бойынша үздік командалар салтанатты маршпен үздік өткен үшін №2 ЖОМ оқушылары және саптық әнмен үздік өткен үшін №1 ЖОМ оқушылары марапатталды, олар 200 000 теңге сомасына дипломдарға және сертификаттарға ие болды.

         Сапқа тұру және саппен ән айту байқауы мерекелік концертпен аяқталды.

08-05-2019