• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

2019 жылы 9 сәуірде Балалар шығармашылық үйінің базасында «Шеберлер қаласы» фестивалінің гала – концерті өтті

2019 жылы 9 сәуірде Балалар шығармашылық үйінің базасында «Шеберлер қаласы» фестивалінің гала – концерті өтті. Шараға ағымдағы жылдың наурыз айында өңір мектептері арасында өткен 4 іріктеу турының жеңімпаздары қатысты. 21 мектеп ұжымы түрлі бағыттар бойынша өздерінің үздік жұмыстарын ұсынды: аспаптық жанр, вокал, хореография. Әр қатысушы өз іскерліктерін, шығармашылық қабілеттерін және шеберлік құпияларын ортаға салды. Бұл конкурсқа қатысушының да, оның жетекшісінің де үлкен еңбегі.

Сондай-ақ, сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды, ол жұмыстардың көптігімен, олардың әсемдігімен, түпнұсқалығымен, халық дәстүрлерін пайдаланумен және әртүрлі орындау техникасымен қуантты. Ең үздік ұжымдар №4 орта мектеп, М. Қабылбеков атындағы орта мектеп және Қызылжар орта мектептері балалардың көркемдік - эстетикалық тәрбиесін және шығармашылық қабілетін дамытқаны үшін ауыспалы кубоктар мен грамоталармен марапатталды.

Концертке қала әкімінің орынбасары Б. М. Қаппасов, білім бөлімінің басшысы К. Т. Смағұлов, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және өңір мектептерінің директорлары қатысты.

11-04-2019