• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Әбілда Тәжібаев –толағай ақын, толастамас жыр иесі» 5 сыныптар арасында (Өлең оқу байқауы)

16 ақпан күні  №2 ЖОББ мектеп кітапханасында  қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері мен кітапханашылардың ұйымдастыруымен  республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында   5 сыныптар арасында  «Әбілда Тәжібаев –толағай ақын,толастамас жыр иесі» атты өлең оқу байқауы өтті.

     Мақсаты:  Ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы – Әбділда Тәжібаевтың өмірі жолы және шығармашылығымен таныстырып, мәнерлеп оқу арқылы   оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым-қатынастық біліктілігін дамыту;

   Өлең оқу байқауы Әбділдә Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнетаспа және презентация көрсету арқылы басталып, жүргізуші 5 «Л» оқушысы  Бахтияр Күмісай байқауға қатысушыларды бір-бірден шақырып отырды.

     Балалар белсене қатысып, адам бойындағы негізгі құндылықтар жайлы өз пікірлерін айтып, өлең-жырларды жатқа оқыды. Әділ қазылар алқасы байқауға қатысқан оқушыларды бағалады.

   Байқаудың жеңімпаздары:  І-орынды   Бүркітбаев Ералы, ІІ-ші орын 5 «Л» оқушысы Кашинбекова Зере, 5 «Б» оқушысы Аманбай Аяулым, ІІІ-ші орын  5 «Б» сынып оқушысы Сағит Аяжан, 5 «Г» сынып оқушысы Карбоз Мерхаба    иеленді. Өз шығармашылық қабілетін көрсетіп дауыстап оқығаны үшін  Шакалай Аршат, Қайыргелді Жанерке алғыс хаттармен марапатталды.

    Шара соңында қатысушылар  Ә.Тәжібаевтың кітаптарынан құралған кітап көрмесімен  кітапханашылар  таныстырып өтті.

22-02-2019