• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Мектепке жол» акциясы

Қ.Қамзин атындағы орта мектебінде тамыз айында«Мектепке жол» акциясы аясында үлкен қайырымдылық іс-шара өткізілді. Іс-шараға  тұрақты демеушіміз Ақсу қаласының ферроқорыту зауытының атынан  кәсіподақ ұйымының төрағасы Николай Александрович Сухотерин қатысты. Өз сөзінде балаларға жылы лебізін білдіріп, 4,5 млн. теңге сомасына әлеуметтік әлсіз мектеп оқушыларына мектепке арналған киім-кешек, аяқ киім және кеңсе тауарларын табыс ететіні туралы айтты.  Сонадай-ақ іс-шараға Ақжол, Қызылжар, Береке, Достық, М.Қабылбеков атындағы, Айнаколь орта мектептері қатысып, Ақсу қаласының ферроқорыту зауытының атынан  табыс еткен демеушілік көмекті қабылдады.

06-09-2019