• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • 8 (71837) 51212

«Корней ата достарын қарсы алады» атты библиоквест

Қ. Шүлембаев атындағы орта мектепте дәстүрлі «Балалар кітап апталығы» «Корней ата достарын қарсы алады» атты библиоквестпен басталды. Библиоквест 3-4 сыныптар арасында өткізілді, оқушылар 2 топқа бөлінді. Әр топ маршрут парағын алып,6 ойын бекетінен өтіп, сұрақтарға жауап берді, белгілі тапсырмаларды орындады. Бекет модераторлары маршрут парақтарда олардың алған ұпайларын көрсетіп отырды. Топтың бекеттерде тұру уақыты 5 минуттан аспау керек. Әр топ белгіленген уақытта ең жоғары ұпай алуға тырысты. Жеңімпаз «Мойдодыр» тобы атанды. Олар тірек сөзді тауып, өздерінің біліктілігі мен ұйымшылдығын көрсетті.

26-03-2019