Қайырымдылық жинау жәрмеңкесі

20 ақпанда Ақсу қаласының №4 орта мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында ауыр сырқаттағы балалар үшін қайырымдылық жинау жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 14 сынып қатысты.  Осы қайырымдылық жәрмеңкесінде мектеп 68000 теңге жинады, ал 21 ақпанда «Бірлік – бұл күш» еріктілер клубының өкілдерімен кездесуде Полина Викторовна Симакова және волонтер Асеммен, мектеп қызға емделуге арналған конвертті бас миының фокалды кортикальды дисплазия диагнозы қойылған 2014 жылғы 12 маусымда туылған Алуа Рафаэловна Хадироваға тапсырды. Қыз бала ауруыың асқынуына байланысты балабақшаға бармайды. Сондай-ақ, балалармен кездесуде еріктілер өздерінің қажырлы еңбектері туралы айтып, ынтымақтастық үшін алғыс білдірді және балаларды игі істер жасауға шақырды.

27-02-2020